Қазақстан билігі Стати ісінен Құлыбаевтың ақшасымен құтылды ма?
Коолаж: Orda.kz
Олигарх Тимур Құлыбаев пен мемлекет арасындағы активтерді қайтару мәмілесі жаңа мәліметтермен толықты. Orda.kz Назарбаевтың күйеу баласының атышулы Стати ісін шешуге қатысқанын анықтады.
Bloomberg 5 ақпанда Тимур Құлыбаевтың Қазақстан билігімен шамамен 1 миллиард долларды қаражат және инвестиция түрінде төлеу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Мұның есебінде мемлекет оған заңсыз алынған активтер бойынша талап қоймайды. Кейін біз бұл келісімнің бір бөлігі ретінде екі ірі кәсіпорынға салынған инвестициялар болуы мүмкін екенін анықтадық, олардың бірі — жақында иесі ауысқан Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты.
Құлыбаевтың өкілдері бұны активтерді қайтару емес, «елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына салынған инвестиция» деп мәлімдейді. Алайда Bloomberg жариялаған материалда тағы бір қызықты сәт бар. Басылымның мәліметінше, кәсіпкер мемлекетке 230 миллион долларды алдын ала төлеген. Егер миллиард долларлық келісім жасалса, бұл сома есепке алынады.
Bloomberg мәліметінше, төлем алушы – америкалық Argentem Creek Partners компаниясы. Басылым сонымен қатар, Қазақстанның көп жыл бойы долларлық облигация шығаруына кедергі келтірген дауды атап өтеді. Бұл Анатол Статиге қатысты іс екені түсінікті. Argentem Creek Partners молдавиялық кәсіпкердің мүдделерін қорғайды, ал оның Қазақстан үкіметімен соттасуы ұзақ жылдарға созылған. 2024 жылдың соңында компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Дэниел Чэпмен Стати ісінің ресми реттелуіне байланысты пікір білдірген.
Бұл Қазақстан Анатол Статимен Тимур Құлыбаевтың қаржысы арқылы есеп айырысты дегенді білдіре ме?
Orda.kz-тің мұнай-газ саласындағы дереккөзі “иә” деп растайды. Оның айтуынша, «Құлыбаевтың миллиарды» туралы әңгіме Маңғыстау облысындағы Боранкөл ГПЗ-ға қатысты болуы мүмкін. Бұл зауыт Анатол Статиден тартып алынып, қазіргі таңда Кеңес Рақышевтың меншігінде.
Bloomberg мәліметтері, Argentem Creek Partners-тің аталуымен қатар, Қазақстанға қарсы ұзаққа созылған сот ісіне сілтеме жасауы бұл Стати ісі екенін анық көрсетеді.
Orda.kz дереккөзі Тимур Құлыбаев пен бұл даудың арасында "Joint Resources" АҚ болуы мүмкін деп болжайды. Бұл компания арқылы олигарх "Каспий нефть" АҚ және өзге де мұнай-газ активтерін басқарады. Дереккөздің айтуынша, Құлыбаевтың компаниясы Статиге тиесілі болған кен орындарынан өндірілген мұнайды экспорттау және сату тізбегіндегі соңғы буын болған. Ол молдавиялық бизнесменнің бұрынғы активтерінен пайда көрді, ал бұл анықталған кезде мемлекет арбитраждық соттар бойынша төлемдерді Құлыбаевтың мойнына артқан болуы мүмкін.
«230 миллион – бұл Қазақстанның арбитраждық соттар арқылы төлеуге міндеттелген 500 миллион долларымен салыстырғанда аз. Бірақ бұл тек алғашқы транш болуы мүмкін», — дейді ол.
Argentem Creek Partners компаниясы Қазақстанға қарсы ұзаққа созылған «арбитраждық соғыстардың» негізгі қатысушыларының бірі болды. Бұған дейін Статидің өкілдері келісім бойынша төлемдердің нақты қайдан түсетінін ашып айтпаған еді. Енді бұл мәселе айқындала түсті.
Orda.kz редакциясы Тимур Құлыбаевтың Қазақстан мен Стати арасындағы дауды реттеуге қатысуы мүмкін екенін өткен жылдың соңында болжаған. Дәл сол кезде екі оқиға бір мезгілде орын алды: Статимен сот ісінің аяқталуы және Активтерді қайтару комитетінің Құлыбаевқа қатысты жаңа тергеуі. Біз бұл байланысты нақтылау үшін сұраныс жіберген едік, бірақ жауап болмады. Алайда енді біздің болжамдар расталды.
Бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстан Статиге төлемдерді бюджет есебінен жасамайды деп сендірген болатын. Ұлттық қордан да қаражат бөлінбейтіні айтылды. Алайда, Статимен келісім жасалғаны белгілі болған сәтте, сарапшылар активтерді қайтару комитетінің назарындағы олигархтардың бірі бұл шығынды өтейтінін болжаған еді. Енді бұл рөлді Тимур Құлыбаев атқарғаны анықталды.
Демек, мемлекет Стати ісі бойынша бюджет қаражаты жұмсалмады деген мәлімдемесінде біраз астар бар. Егер Құлыбаев аударған 230 млн доллар оның қайтарылған активтерінен алынған қаражат болса, онда бұл Қазақстанның ақшасы болып саналады, тек ресми бюджетке түспегені болмаса.
Билік Құлыбаевпен басқа келісім жасаған болуы мүмкін – мәселен, Статимен дауды шешу үшін «ерікті инвестициялар» туралы. Мұндай жағдайда ресми түрде активтерді қайтару болмайды, ал олигарх жай ғана елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қаржы құйған болып саналады. Әрине, «таза инвестициялық ниетпен» ғана.
Жаңалықтар
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр