Қазақстан азаматы терроризм ісі бойынша сотталды

cover

Террористік ұйымға қосылған Ұлытау облысының тұрғынына ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматына қатысты терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыру және лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Істі Сәтбаев аудандық соты қарап, ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.

«Тергеу барысында сотталғанның 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға кеткені, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында қалғаны анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жерін анықтауға мүмкіндік туды. Кейіннен шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстап және 2023 жылдың маусымында ҰҚК-нің бақылауымен Қазақстанға жеткіздік» деп хабарлады комитет.

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар