Қазақ мектептері, оқулықтар мен әдебиет туралы Рауан Кенжеханұлының сұхбаты
Фото: нейросеть Dall-E
Қазақ мектептеріндегі білім сапасы, мұғалімдердің жетіспеушілігі және қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс туралы Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бәжкенова Халықаралық қазақ тілі қорының президенті және Bilim Media Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлымен әңгімелесті. Толық сұхбатты мына жерден көруге болады, ал біз ең өзекті дүниелерді ықшамдап назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақ сыныптарының үлгерімі және мектептегі білім сапасы
Рауан Кенжеханұлының пікірінше, Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстарында білім беру саласында айтарлықтай мәселелер бар. Бұл өңірлерде қазақ мектептері көп, ал олар үш ауысымда жұмыс істейді.
«Сапа туралы айтқанда, мәселе қазақ мектебінде емес, жағдайы дұрыс жасалмаған мектепте болып отыр. Ондай мектептерде ресурстар, мұғалімдер, жақсы зертханалар жетіспейді. Әр балаға жеке тәжірибе көрсетіп, сапалы білім беруге мүмкіндік жоқ. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде балалар өте аз. Сол жерлерде біз мүлде басқа білім сапасын көреміз. Мысалы үлкен қалалардағы НЗМ-де жағдай өзгеше. Олар білім сапасы бойынша әлемнің ең үздік 10 елдің деңгейінде. Себебі бұл мектептерде толыққанды оқу күні бар, үлкен тәрбиелік жұмыс жүргізіледі және халықаралық тәжірибеге жақсы бейімделген», – деп түсіндірді Халықаралық қазақ тілі қорының президенті.
Кенжеханұлының айтуынша, елімізде небәрі 40 мың бала толыққанды білім күні қарастырылған арнайы мектептерде оқиды. Егер сол мектептердің әдістемесі мен материалдары басқа оқушыларға да қолжетімді болса, олардың да қабілеті ашылатынын айтты.
Қазақтілді оқушылардың үлгерімі
PISA халықаралық тестінің нәтижелері қазақ сыныптарындағы оқушылардың үлгерімі орыс сыныптарындағыдан төмен екенін көрсетті. Бұл тест үш негізгі бағыт бойынша оқушылардың сауаттылығын анықтайды. Оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану ғылымдарының сауаттылығы. Кенжеханұлының сөзіне қарасақ, дәл осы бағыттар халықаралық стандарттар бойынша білім сапасының негізі болады.
«Бала есептей білуі, оқып, түсінуі және физика, химия, биология пәндерінен алған білімі арқылы әлемде не болып жатқанын түсінуі керек. Осы пәндер бойынша білікті мұғалімдер жетіспейді. Бүгін Қазақстанның кез келген аймағында жаңа мектеп салсақ та, мәселе жақсы мұғалім табуда емес. Жай ғана мұғалім табуда болып отыр. Сондықтан қазіргі заманға сай педагогтарды тәрбиелеу мен дайындау басты міндет болып тұр», – дейді Кенжеханұлы.
Оның пікірінше, бұрын мектепті нашар тәмамдаған түлектер педагогикалық мамандықтарға түсетін. Алайда қазір педагогикалық жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар күшейіп, мұғалімдердің жалақысы да артты.
Қазақстандық оқулықтардың жағдайы және аударма кітаптарға сұраныс
«Бізде оқулық жазуға қатысты қиындықтар бар. Тағы бір маңызды тақырып – оқулықтардың қалай жазылатыны және олардың сараптамасының қалай өткізілетіні жайлы мәселелер. Оқулықтарды сараптаумен айналысатын уәкілетті орган бар. Баспалар оқулықтарды жазуға рұқсатты білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (БМЖМС - ГОСО. ред) негізінде алады. Мысалы, бесінші сынып оқушысы белгілі бір пән бойынша не білуі керек деген талап қойылады. Осыған сүйене отырып, баспалар оқулықты дайындайтын авторларды тартады. Кейін бұл оқулық сараптама орталығына жіберіледі, ол жерде басқа маман оқулықты қарап, өз ескертулерін береді. Алайда мұның өзі жақсы сапа үшін жеткіліксіз қарекет болып отыр», – дейді Кенжеханұлы.
Оның пікірінше, бір сарапшының пікірі жеткіліксіз, және оқулықтарды сараптау бірнеше деңгейде, қоғамның қатысумен жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда оқулық авторларын даярлайтын мектептің жоқ екенін және мұндай тәжірибе әлемде бар екенін атап өтті.
«Оқулық авторы болу – үлкен мәртебе»
«Оқулық авторы болу – үлкен мәртебе және мүлде басқа дағдыларды талап етеді. Белгілі бір саланың ғылым докторы болуыңыз, сіздің оқулық жаза алатыныңызды білдірмейді. Бұл жерде дағдылар жиынтығы мүлде басқа. Бұл бағытта оқытады. Өйткені оқулық – бұл технология, бұл спираль, онда біз баланың психологиясын ескере отырып, білімді біртіндеп береміз. Өкінішке қарай, бізде мұндай жоқ», – деді Кенжеханұлы
Қазақтілді аудиторияның кітап оқуға қызығушылығы
Қазақтілді оқырмандардың белсенділігі туралы сұраққа Рауан қызығушылықтың артып келе жатқанын айтты. Ең көп сұранысқа ие кітаптар – Абайдың шығармаларынан бастап Стивен Кови секілді әлемдік бестселлерлерге дейінгі классикалық еңбектер.
«Біз коммерциялық жобалармен айналысатын баспагерлермен көп араласамыз және олар бұл салада бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Егер бұл сұранысқа ие болмаса және оқылмаса, олар әлдеқашан тоқтаған болар еді. Өйткені бұл олардың бизнесі. Өзіміздің платформамыз арқылы да нақты бақылау жүргіземіз, себебі жеке кітап сөрелерін көреміз. Біздің электронды кітапханамызда шамамен жарты миллион аккаунт бар. Соның ішінде 10 мың адам жазылымды белсенді қолданады және сол үшін ақы төлейді», – деді ол.
Сонымен қатар, Кенжеханұлы жаратылыстану және басқа ғылымдар бойынша оқулықтардың жетіспейтінін айтты. Ал гуманитарлық ғылымдар бойынша мұндай мәселе жоқ екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық