Каспий теңізінде атқылаған жанартау жұрттың зәресін ұшырды

cover

Әзірбайжанның сейсмикалық қызметі жарылыс тау-кен платформасында өрттің салдарынан емес, сейсмикалық процестің нәтижесінде пайда болғанын жеткізді.

Orda.kz. бұл туралы haqqin.az.порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, балшықты  жанартаулардың атқылауы көбінесе өрт тудырып,  қатты жарылыс болады.

— Құрлықта атқылау пайда болған кезде ауаға белгілі бір мөлшерде от шашылады, содан кейін жанартау балшық лавамен атқылана бастайды, - деді Йетирмишли.

Ол бұндай жағдайдың теңізде болып тұратынын айтады, бірақ су нөпірі араласқандықтан адамдар жанартау төгіп жатқан балшықтарды көре алмайды екен.

Сонымен қатар, маман балшық жанартаулары  небәрі 10-20 секундқа ғана жалын шашатынын айтты.

Ғалым 2000 жылы Бакуде болған жер сілкінісінен кейін балшық жанартауы Нардаран ауылының маңында да болғанын еске алды. Сол кездегі жанартау лақтырған балшықтың арқасында теңізге дейін кішкене арал пайда болған.

Ертеректе Каспий теңізінде жарылыс болған. Бастапқыда БАҚ «Үміт» газ платформасында өрт шыққаны туралы хабарлаған, бірақ «SOCAR» Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен билік мұны жоққа шығарады. Мұнай компаниясы теңіздегі жарылыстың себебі балшық жанартауының атқылауы болуы мүмкін деді.

— SOCAR компаниясы бақылауындағы теңіз платформаларында және өндірістік нысандарда апатты оқиғалар тіркелген жоқ, жұмыс әдеттегідей жалғасуда, - делінген мұнай компаниясының хабарламасында. 

SOCAR компаниясының жауабын  Umid платформасынан түсірілген видео арқылы растауға болады.

Жарылыстың тергеу барысы туралы Әзірбайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі Каспийдегі мұнай инфрақұрылымы мен нысандарында ондай оқиғалардың тіркелмегенін айтты.

Әзірбайжан Каспий кеме қатынасы компаниясы өз кезегінде Каспий теңізінің әзірбайжан секторы мен кемелерде жарылыс болмағанын мәлімдеді.

—   Әлеуметтік желілерде Каспийдегі оқиға танкердегі жарылысқа байланысты деген пікірлер бар. Мұндай хабарламалар адамдарды адастыратындықтан, біз Әзірбайжанның Каспий теңіз кеме қатынасы компаниясының бірде-бір кемесінде жарылыс болмағанын баса айтқымыз келеді, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар