Қарағандыда екі жасар баланы пойыз басып кетті

cover Фото: pixabay

Қарағандыда пойыз басып кеткен екі жасар бала жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 1 маусымда Қарағанды – Ақжар аралығындағы Қарағанөзек – Қарабас учаскесінде болған. ҚТЖ мәліметінше, жүк пойызының жүргізушісі теміржол бойында тұрған баланы көріп, шұғыл тоқтауға мәжбүр болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, қазір ол жансақтау бөлімінде. Полицияда теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды»,  деп хабарлады облыстық көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Бейнежазбаны теміржол бойына қоршау орнатуды талап еткен тұрғындар жариялады. 

«Бұл мәселені шешу үшін енді қанша құрбан болу керек?», деп сұрайды ата-аналар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шерзат ісіндегі маңызды айғақ жоғалған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар