Камерасыз әрі даулы мәлімдемесіз: Абу-Дабидегі Украина бойынша келіссөздер ың-шыңсыз аяқталды

cover Фото: Pixabay

Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасындағы кездесу шамамен үш сағатқа созылып, «конструктивті» сипатта өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

Axios деректеріне сүйенсек, Украина өкілдері диалогты «позитивті» деп атап, келесі аптада-ақ БАӘ аумағында келіссөздердің жалғасы өтуі мүмкін екенін мәлімдеген. ТАСС дереккөзі де кездесудің белгілі бір нәтиже бергенін айтқанымен, оның нақты қандай нәтиже екені жарияланбады.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Абу-Дабидегі талқылаулардың негізгі назары соғысты тоқтатудың ықтимал бағыттарын қамтыған.

«Соғысты аяқтау үдерісін бақылау мен қадағалаудың, сондай-ақ нақты қауіпсіздікті қамтамасыз етудің америкалық мониторингі қажет екені жөнінде түсіністік бар екенін жоғары бағалаймын. Америка тарабы соғысты аяқтау параметрлерін бекітудің мүмкін форматтары мен ол үшін қажет қауіпсіздік жағдайлары мәселесін көтерді»,— деді Украина басшысы. 


Ол келіссөздерді «конструктивті» деп атап, қатысушылар кездесудің қорытындыларын өз елдеріне жеткізіп, алдағы қадамдарды келісу жөнінде уағдаласқанын қосты:

«Алға жылжуға дайындық болған жағдайда — ал Украина дайын — келесі кездесулер өтуі бәлкім, келесі аптада мүмкін болады». 


Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер Абу-Дабиде 23 қаңтар күні  Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер  барынша жабық форматта басталды. Делегациялар құрамына кімдер кіргені туралы біз бұған дейін толығырақ жазған едік. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар