«Кәмелетке толмаған»: Қазақстанда «үйлену үшін қыз алып қашқандардың» алғашқы қылмысы тіркелді

cover Коллаж: Orda.kz

Қазақстанда некеге тұруға мәжбүрлегені үшін алғашқы қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

«Некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері бойынша алғашқы қылмыстық істер Шымкент пен Қызылорда облысында тіркелді. Бір қызығы, екі жағдайда да кәмелетке толмағандар жәбірленуші болған»,  деп хабарлады Бас прокуратура.

16 қыркүйекте қылмыстық кодексте некеге мәжбүрлешені үшін жауапкершілікті көздейтін 125-1-бап енгізілді. Бапқа әйелді алып қашу немесе үйленуге мәжбүрлеу, қорқыту жағдайлары енген еді. 

Бұл үшін 2000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Егер жағдай күрделеніп, жәбірленушіге ауыр зардап тиген жағдайда, жаза бес жылдан он жылға дейін созылуы мүмкін.

Айта кетейік, 12 қазанда Таразда 32 жастағы ер адам өзіне от қойып, көз жұмды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар