«Қайрат Сатыбалдымен арамыз жақсы»: Мұхамеджан Тазабек Қаңтар оқиғасы кезінде қайда болды?
Фото: Бейнеден кадр
Мұхамеджан Тазабек Қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын, Қайрат Сатыбалдымен қазір қарым-қатынасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұхамеджан Тазабек «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына келіп, Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай «Ағаңыз Қайрат Сатыбалдының қазіргі жағдайы қалай?» деп сұрақ қойды.
«Жақсы. Анасы қайтыс болғанда көңіл айтып кіріп шықтық. Енді иманды адам ғой. Ер басына не келіп, не кетпейді. Өзінің шаруасын атқарып жүр. Мәселесі түбегейлі шешіліп біткен жоқ. Тойға келмеді. Қазір ол кісі той-томалаққа барып жүрген жоқ», — деді Мұхамеджан Тазабек.
Журналист Мұхамеджан Тазабектен Қайрат Сатыбалды қамалғанда әлеуметтік желідегі бірге түскен суреттерді неге өшіріп тастағанын сұрады.
«Үш сурет болды. Соның біреуін өшірдім. Қолайсыздау суреттері болды, соны алып тастадым. Жоғарыдан ешқандай бұйрық келген жоқ», — деді ол.
Нұрсейіт Жылқышыбай Мұхамеджан Тазабектің Қаңтар оқиғасы кезінде үнсіз қалғанын алға тартты. Халықтың да осы үшін ренжулі екенін айтты.
«Қаңтардан кейін қоғамда дүрбелең болды. Адамдарда психологиялық толқындар болды. Сондықтан ол жерде әділ пікір болды деп ойламаймын. Әркім туралы әртүрлі әңгіме айтылды. Бірақ мен үнсіз қалмадым. «Асыл арнада» Ерлан Әбдірұлы екеуіміз «Сіз қаңтарда қайда болдыңыз?» деген сұхбат жасадық. Сол жерде толық жауап бердім. Ал Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болдым. Бір күннен кейін Есікке бардым. Кейін Түркияға сапарым бар еді, бір аптаға Түркияға барып келдім», — дейді ол.
Журналист «Қаңтар оқиғасы кезінде нақты Алматыда болдыңыз ба? Сізді Бішкектен көргендер бар екен» деген сауал қойды.
«Алматының әуежайы жабық болғандықтан, Бішкек арқылы ұштым», — деп жауап берді Мұхамеджан Тазабек.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды іргесін қалаған медресеге жыл сайын бюджеттен 200 млн теңге құйылатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты