«Қайрат» пен «Селтик»: Алматыда алғаш рет Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалады
Фото:Orda.kz
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиынға бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен жартылай қорғаушы, команда капитаны Әділет Садыбеков қатысты.
Ертең тарихи сәт болғалы тұр: алғаш рет Алматыда Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалады. Бұл жергілікті футбол үшін және жанкүйерлер үшін маңызды оқиға.
Журналистер бас бапкерден командадағы кадрлық мәселелерді қалай шешкенін сұрады.
«Иә, өкінішке қарай, кадрлық мәселелер бар. Қатыспайтын ойыншылардың ойында орындары жетіспейтіні анық. Дегенмен, олардың орнын басатын ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік туады деп үміттенеміз. Ал нақты кіммен алмастыруға болатынын біз қазірдің өзінде анықтап қойдық», – деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, бұл ойында команданың жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алаңға шықпайды. Бұған байланысты оның көңіл-күйін білдік. Еске сала кетейік, өткен ойында Сәтпаев сары қағаз алып, бір ойынға шеттетілген еді.
«Дастан осы жолғы ойынға қатыспайтынына қатты уайымдады. Менің білуімше, ол тіпті екі күн бойы ешкіммен сөйлеспеді. Біз өз тарапымыздан оны барынша қолдап жатырмыз. Ол әлі жас ойыншы, түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан бұған оның кезекті тәжірибесі деп қараймыз. Әрине, Сәтпаевтың осы ойында жоқтығы біз үшін үлкен шығын», – деді бас бапкер.
Сонымен қатар, Уразбахтин өткен ойында «Селтик» «Қайратты» бағаламағанын атап өтті.
«Бұл жолы Селтикке қысым көбірек деп ойламаймын. Мүмкін, Глазгода олар бізді сәл бағаламаған шығар, бірақ енді басқа мотивациямен келеді. Дегенмен, біздің бағытымыз анық», – деді Рафаэль Уразбахтин.
Еске салсақ, алматылық «Қайрат» Глазгода шотландиялық «Селтикпен» плей-офф матчында 0:0 тең есеппен ойнап, сенсация жасады. Ойын «Селтик Парк» стадионында өтті. Жауапты ойыны 26 тамызда Алматыда өтеді.
Жаңалықтар
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті