Кәсіпкерлер алкоголь сату лицензиясы ережелерін өзгертуді сұрайды
Елордалық кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сату үшін лицензиялық алымды төлеу тәртібін өзгертуді сұрайды, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сайты.
«Бизнесті заңды қорғау» ҚБ басшысы Әмина Әбденова Салық кодексінің 557-бабына сәйкес, елордада алкоголь өнімдерін сататын ірі, орта және шағын бизнес субъектілері әрбір нысан үшін кәсіпорынның өлшемділігі бойынша градациясыз 100 АЕК төлейтінін атап өтті.
— Бұл дұрыс емес, өйткені ірі супермаркеттердің алкоголь өнімдерін сатуы жай дүкендердердегі сатудан біраз ерекшеленеді. Микробизнес зардап шегеді. Жай дүкендерде алкоголь сатудан түскен түсім лицензия құнын өтемейді. Мысалы, бізге сыра 219 теңгеден, сауда үйінде ол 199 теңгеден сатылады. Күніне 50 м2 дейінгі дүкен тіпті 1,5 литр алкогольді сата алмайды. Күніне орта есеппен бір жарым қорап сатамыз. Осылайша біз шығынға батамыз, - деді ол.
«Бизнесті заңды қорғау» ҚБ-ға 560 дүкен кіреді. Әмина Әбденованың айтуынша, осы жылдың ішінде 140-қа жуық үй жанындағы дүкен жабылуға мәжбүр болған.
Кәсіпкерлер Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, кәсіпорынның мөлшері бойынша алкоголь өнімін сатуға мөлшерлемелерді градациялауды қарастыруды ұсынды. Бұл ретте Микробизнес үшін ол 40 АЕК-тен аспауы тиіс. Олар сонымен қатар сыра лицензияланатын өнім түрлеріне жатпайтын Ресейдің тәжірибесін қолдануды ұсынды.
— Бұл мәселені шешу лицензиялық алымның жоғары болуына байланысты алкогольді заңды түрде сата алмайтын шағын дүкендерді көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ, бұл микробизнеске қаржылық жүктемені азайтар еді, бұл қабылданған карантиндік шаралар жағдайында маңызды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев.
Ол бұл мәселені республикалық деңгейде қарастыру үшін кедергілер картасына енгізуді ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық