Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров кепілдікке босатылмайтын болды

cover Фото: kapital.kz

Алматы қалалық сотында кәсіпкер, Parmigiano Group негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаров басқа біреудің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Еске салсақ, Алмас Әбдіғаппаровқа қарсы арызды оның жиені, «AV-Construction» ЖШС директоры Рауан Бабаев берген. Содан кейін кәсіпкер 420 млн теңге жымқырды деген күдікпен 26 шілдеде Алматыда ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстық іс Esentai City маңындағы қымбат вилланы сатумен байланысты.

2 тамыздың кешінде сот отырысы өтті, сот барысында кәсіпкердің қорғаушысы судья Батыров Әбдіғаппаровты кепілдікке босатуды сұрады.

Сот отырысы бір жарым сағатқа созылды, қорғаушы тарапынан түрлі дәлелдер келтірілгеннен кейін судья қамауға алу туралы санкцияны өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады.

Жақында кәсіпкердің әйелі Ольга Әбдіғаппарова адвокатпен бірге бірнеше брифинг ұйымдастырды. Ол күйеуінің ұсталуына қатысты кейбір мәліметтерді айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар