Үйімді тартып алды: Алматыда ипотекаға үй алғандар наразылыққа шықты
Фото: Orda.kz
Бүгін «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің» алдында он бес шақты адам жиналып, өздерінің наразылықтарын білдірді.

Жиналған топтың айтуынша, ипотекаға үй алғандардың төлемді уақытылы төлемеуіне байланысты үйлерінен шығарып жіберген. Кейбірінің үйін банк өз атына заңдастырып алғаны да айтылды. Жиналғандар арасында 2016, 2017, 2020 жылы үйінен айрылған азаматтар бар. Олардың кейбірі мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар банктің бұл әрекетін заңсыз деп санайды.

Үйінен айрылғандардың бірі Гүлбақыш Рақымжанқызының айтуынша, ол 2006 жылы ипотека алған. Ипотеканы төлей алмау себебінен өзінің үйінен айрылған. Қазір өзі үйде тұрып жатқанмен, пәтер банктің атында қалған.

– 2007 Халық банктен ипотека алғанбыз. Қазір жағдайымыз жоқ, 2 топтағы мүгедек балам бар. Банк ипотеканы төлей алмаған соң, өзінің атына аударып алған. Төзіміміз таусылды. Банкке ақша бөлінді, келсек ақша жоқ дейді. Пәтерде 6 адам тұрамыз, ол банктің атында тұр. Жалғыз менің емес, көпшіліктің мақсаты, талабы – баспаналарын өзінде қалдырса екен. Басты мақсат осы. Жеке сот орындаушылар да, банкирлер де бұл іске араласып жатыр, - деді белсенді Гүлбақыш Рақымжанқызы.
Жиналған топ «Халық банктің» кеңсесіне баратындарын айтты. Олардың айтуынша банк қызметкерлері телефон тұтқасын көтермейді дейді. Қаржы нарығын реттеу мекемесінің ішінде наразы топ банк қызметкерлеріне бірнеше мәрте хабарласып көрді. Бірақ жауап берген ешкім жоқ.

Автор: Бек Байтас, Жандос Мәдениет
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық