Испаниядағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды

cover Фото: olympic.kz

Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл  құраманың жаңа бас бапкері Нұржан Насановтың жетекшілігімен қатысқан алғашқы турнирі. Турнир қарсаңында команда Бенидорм қаласында өзге ұлттық құрамалармен бірлескен бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Boxam Elite турнирі биыл 40-рет ұйымдастырылып отыр.

Биылғы жарыстың ең беделді қатысушылары қатарында Қазақстан, Украина және Англия құрамалары болды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар