Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы Мюнхенде жаппай митинг өтті
Фото: Әлеуметтік желіден
Мюнхен қаласында Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы ауқымды митинг ұйымдастырылды. Акция сыртқы саясат пен жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне арналған әлемдегі негізгі форумдардың бірі саналатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясының өтуімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Полиция деректеріне сәйкес, көшеге шамамен 200 мың адам шыққан. Қатысушылар қала орталығына 1979 жылға дейін, яғни исламшылар билікке келгенге дейін қолданылған Иранның мемлекеттік туын ұстап жиналды. Митингке шыққандар қазіргі билікке қарсылық білдіріп, ел ішіндегі наразылық білдіріп жатқан жұртшылықты қолдайтындарын мәлімдеді.

Иранның бұрынғы шахының ұлы Реза Пехлеви демонстранттарды қолдап, иран халқына халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет екенін айтты. Ол күндізгі уақытта митингке өзі де келіп қатысты.
Халықаралық форумға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Мюнхен қаласында бес мыңнан астам полиция қызметкері кезекшілік атқарды. Құқық қорғау органдары мәліметінше, акция қақтығыссыз өтті.
Иран Ислам Республикасы аумағында наразылық акциялары 1999 жылдан бері ұдайы өтіп келеді. Әдетте бұған дейін олар бейбіт сипатта болған. Алайда 2025 жылғы желтоқсанда митингілер құқық қорғау органдарымен қақтығыстарға ұласқан. Ол кезде билік тәртіпсіздіктерге АҚШ пен Израильді айыптаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Иран президентін Ислам революциясы күнімен құттықтады
- Иранда әйелдерге мотоцикл айдауға және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілді
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды
Жаңалықтар
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
- Алматыда өткен Winter Run жарысына 22 елден 2 500 адам қатысты
- Балалар онкологиясымен күрес күні: Қазақстандағы негізгі көрсеткіштер
- Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы Мюнхенде жаппай митинг өтті
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады