Джо Байден ұлын кешіру туралы жарлыққа қол қойды

cover Фото: Getty Images

Orda.kz Хантер Байден екі қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылғанын жазған болатын. Қыркүйек айында Джо Байден де, оның баспасөз хатшысы да президенттің ұлын кешіру туралы жарлық шығару ниеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

BBC дерегіне сүйенсек, 1 желтоқсанда Ақ үй сайтында жарияланған мәлімдемеде Джо Байден өз ұлының соттары «саясатқа уланғанын» және сондықтан «әділетсіз шешімдермен» аяқталғанын айтты.

«Бұл қызметке келген алғашқы күннен бастап Әділет министрлігінің шешімдеріне араласпайтынымды айттым. Мен уәдемді орындадым, тіпті ұлымның әділетсіз қудалауға ұшырағанын көрген кезде де араласпаған едім», — деді Байден.

Маусым айында қазылар алқасы Байденнің ұлын қару сатып алғанда нашақор екенін жасырып, заң бұзғаны үшін деп кінәлі деп таныды.

Хантер Байден — АҚШ тарихында қылмысы дәлелденген қызметтегі президенттің тұңғыш ұлы болды. Қыркүйекте Хантер Байден салық төлеуден жалтару бойынша тағы бір іс бойынша кінәсін мойындады.

«Мен бұл шешімді демалыс күндері қабылдадым, оны кейінге қалдырудың мағынасы жоқ еді. Әке және президент ретінде осындай шешімге келгенімді америкалықтар түсінеді деп үміттенемін», — деді Байден.

Хантер Байденге үкім 12 және 16 желтоқсанда шығарылады деп жоспарланған еді. Салық төлеуден жалтару ісі бойынша оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар