Димаш Құдайберген жанкүйерінің арманын орындады
Коллаж: Orda.kz
Кеше Ақтау қаласында өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» концертінде Димаш Құдайбергеннің әндерін жан-тәнімен қосыла шырқаған көрермен желіде көптің жүрегін елжіретті. Концерттен соң, Димаш Құдайберген ақтаулық 23 жастағы жанкүйерімен арнайы кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Димаш Құдайберген оның қолдауына алғысын айтып, қолынан алды. Естелік болсын деп білезігін сыйға тартты.
«Сенің бейнежазбаңды көрдім. Шығар алдында көріп қалдым. Ағаларыма рахмет, бір өтінішімді жерге қалдырмай, іздестіріп тауып берген. Рахмет саған, шығармашылығыма болысып жүргеніңе», – деді Димаш Құдайберген.
Арбада отырған жігіт бала күнінен Димаштың әнін тыңдағанын, жүздесуді армандағанын айтты.
«Бүгін – менің өмірімдегі бақытты күндерімнің бірі. Бұрын Димашты сахнадан, телеарнадан ғана көрсем, енді жақыннан көріп тұрмын. Арманым орындалды», – деп ағынан жарылды ол.
Еске сала кетсек, қазір дүниежүзіне танымал әнші Димаш Құдайберген Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) атты халықаралық сыйлығымен марапатталған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстанда тегін берілуге тиіс мыңдаған дәрі-дәрмек сатылды
- Ақтауда жанармай құю станциясы өртеніп, екі шетелдік азамат ауыр күйік алды
- Олимпиада-2026: 7 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
- Түркістан облысы арнайы прокурорлары шетелдіктердің интернет-алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады
- Пәкістанда мешітте болған жарылысты ДАИШ мойнына алды
- Қапшағайда екі әйел көлікпен мұз астына түсіп кетті
- Алматыда Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті
- Франция мен Канада Гренландияда консулдық ашты
- Азия чемпионаты–2026: Ел қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы медаль түсті
- Италияда Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
- Нұрлан Сабуров Қазақстанға оралды
- Жамбыл облысы Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды
- 7 ақпан таңға дейін алты облыста жол қозғалысы шектелді
- Әкімдік қызметкері әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген
- Президент конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады
- Исламабад мешітінде қаза тапқандар саны 30-дан асты
- Алматыдағы шатқалда көзге түскен барыстың мойнына қарғыбау тағылды
- Пәкістанда жұма намазы кезінде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты
- Қырғызстан президенті өзінің іс басқарушысына ескерту жасады
- Тоқаев қорғаныс министрі орынбасарларымен кездесті