Депутат ауыл мектептеріндегі білім сапасына алаңдаушылық білдірді

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев ауыл оқушыларының білім деңгейі қала жастарынан төмен екенін еске салды. Ол жастардың білімге қол жеткізудегі қиындықтарына алаңдаушылық білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Ауылдық жерлерде 2100 педагог тапшы. Республикада 60% кадр жетпейді. Салдарынан ауыл балалары грантқа түсу үшін ҰБТ-дан қажетті бал жинай алмайды. Оқулары сол жерде қалады. Көбісінің ақылы негізде оқуға жағдайлары жоқ, - деді депутат.
Депутат аграрлық мамандықтарға ауылдық квотаны 30%-дан 50%-ға дейін көтеруді ұсынды.
Күрішбаевтың айтуынша, жыл сайын жоғары оқу орындары түлектерінің тек 30%-ы ғана ауылға жұмысқа келеді. Салдарынан ел бюджеті де жыл сайын 1,5 млрд теңгені тиімсіз жұмсайды.
– Парламент депутаттары ҚР Білім және ғылым министрлігіне ауыл мектептерінің түлектеріне аграрлық мамандықтарға түсу үшін ауылдық квотаны 30%-дан кем дегенде 50%-ға дейін арттыру қажеттілігі туралы айтып жүргендеріне көп болды. Бірақ мәселе әлі де шешілмей жатыр. Аграрлық университеттерді бітірушілердің, ауылдық жерлерге жыл сайын тек 30%-ы ғана жұмысқа орналасады. Қалғандары мемлекеттік қаражат есебінен оқып, жұмыссыздар қатарын толықтырып, қалада қалады, - деді Ақылбек Күрішбаев.
Елімізде білім беру гранттарын бөлу тетігіне өзгерістер енгізетін кез келді.
Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев
Оның айтуынша, мемлекеттік грант пен стипендия тест нәтижесі мен үлгерім негізінде ғана емес, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында да бөлу керек.
– Ауыл мектептерінде бір мұғалім физика, әдебиет және музыканы оқытатын жағдайлар бар. Қала мен ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы салыстыруға келмейді, - деп қорытындылады депутат.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде сүйіктісінің әке-шешесін пышақтаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Mudarabah қаржы пирамидасы: вайнер Шерниязов колониядан босап шықты
- Еститін үкіметке: Арал тұрғындарының тауқыметі және «Аралтұз» қараша халықты сорлатып отыр ма?
- Балаларының көзінше әйелін өлтіріп, терезеден секірген ер адам есін жиды
- Сотталушыларға адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілді
- Тоқаев пен Назарбаев Лукошенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Жаркент гарнизоны: Прокурорлар офицерді бұйрықпен өлтірген әскерилерге 16 жылға дейін жаза сұрады
- Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқанда ұсталды
- «СК-Фармация» ЖШС-де басшылық ауысты
- Касса қызметкерінен төрағалыққа жету: «ҚТЖ»-ның жаңа басшылығына кім тағайындалды?
- Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды
- «Ашық тергеу және өтемақы»: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды
- Бали жағалауында кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
- «Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
- Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді