Бомба туралы қалжыңдаған азамат 5 жылға сотталуы мүмкін

cover Фото: РБК

Ақтөбе облысының тұрғыны бомба туралы қалжыңы үшін бес жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінде хабарланғандай, 23 қазан күні сағат 22:24-те Ақтөбе қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» телефонына ер адам қоңырау шалып, кафеге бомба қойғанын айтқан.

– Оқиға орнына дереу барлық төтенше жағдайлар қызметі мен саперлар тобы дәмхана ғимаратында жарылғыш заттар бар-жоғын тексеру үшін ұйымдастырылды. 87 адам эвакуацияланды (кафенің қонақтары мен қызметкерлері). Ешқандай жарылғыш зат табылмады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері лаңкестік актісі туралы жалған хабар берді деген күдікпен Қобды ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру». Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар