Бишімбаев түрмеде шахмат пен саксофонды ермек етіп отыр
Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz
Өткен аптада БАҚ-да Қуандық Бишімбаевқа түрмеден қашып кетіпті деген әңгіме тараған болатын. Алайда, Orda.kz тілшісі бұл ақпаратты тексеріп, сотталушының шынымен де Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатқанын және Бишімбаевтың қазір қандай жағдайда отырғанын анықтап қайтты.
«Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық қозғалысының мүшесі әрі құқық қорғаушы Бауыржан Мусин бұл мекеме бұрын «№90 мекеме» деп аталғанын айтты. Онда әрдайым ерекше қатаң тәртіп сақталып келген, бәрі қатаң режимге сәйкес жүргізіледі. Мусиннің айтуынша, ешкімге артықшылықтар берілмеген.
Түрме осы күнге дейін Тимур Сәдуақасовтың басшылығымен жұмыс істеп келген. Қазіргі уақытта ол қызметінен кетіп, Батыс Қазақстан облысында жаңа қызметке тағайындалыпты.
«Ол өте талапшыл, мекемеде ешқашан ешкімнен телефон табылған емес. Оның үстіне, байланыс та ұстамайды, өйткені түрме қала сыртында ЖЭО маңында орналасқан», — деп мәлімдеді құқық қорғаушы.
Оның айтуынша, №5 мекеме типтік ғимарат әрі ескі. Мысалы, 20 жыл бұрын мұнда Мұхтар Әбіләзов та жазасын өтеген екен. Кейбір бөлмелер жабылған, яғни олар сотталғандарды ұстауға жарамсыз деп танылған.
«Барлық жерде бірдей жағдай. Ұйықтайтын бөлмелер, жуыну орындары, дәретхана, киім кептіретін бөлме және гардероб бар. Сондай-ақ, тәрбиелік жұмыстар жүргізуге арналған бөлме бар. Сотталғандар тамақтанатын және азық-түліктерін сақтайтын асхана да қарастырылыпты. Әр бөлімде тоңазытқыш бар, жуыну бөлмесі, кір жуатын орын да бар, онда олар киімдерін жууға тапсырады. Сонымен қатар, сотталғандар арнайы киім киеді, аяқ киім де беріледі», — деді ол.
Біз Бауыржан Мусиннен Қуандық Бишімбаевқа рұқсат етілген кездесу жиілігі туралы сұрадық. Ол максималды қауіпсіздік режиміндегі барлық мекемелерде туыстармен кездесулер саны бірдей, бірақ сотталған адамның мінез-құлқы мен тәртібіне қарай өзгеруі мүмкін екенін айтты.
«Сотталған адамды алғаш этаппен әкелген кезде, ол алдымен 14 күн карантинде болады, содан кейін бөлімге ауыстырылады. Психолог сотталғанмен әңгімелеседі. Негізінде максималды қауіпсіздік мекемелерінде жүйемен таныс адамдар отырады. Дегенмен, оларға барлық ережелер мен талаптар түсіндіріледі. Колония кіреберісінде құжаттардың үлгілері ілінген», — деп қосты ол.
Бишімбаев, осы жолы кем дегенде бір қысқа кездесуін туыстарымен өткізді. Оған ата-анасы мен адвокаты Ерлан Қазымжанов келген. Егер экс-министр алдағы уақытта ережелерді бұзбайтын болса, онда оған сәлемдемелер санын және кездесу мүмкіндігін арттыру түріндегі ынталандырулар беріледі екен. Стандартты жағдайда, жылына төрт сәлемдеме жіберуге рұқсат етіледі.
«Олардың өмірі күн сайын қайталанады. Бос уақыттарында олар өз хоббилерімен айналысуға рұқсат алады. Менің білуімше, ол музыкамен айналысады әрі шахмат ойнайды. Сондай-ақ, саксафонда да ойнайтынын білеміз. Оларда музыкалық топ құрып, дайындық өткізуде», — деді Бауыржан Мусин.
Қоңырауларға келер болсақ, аптасына бір рет рұқсат етілген. Әр адамға жақындарымен таксофон арқылы 15 минут сөйлесуге уақыт беріледі. Степногорск түрмесінде сотталғандар аптасына бір рет дүкенге барып, 3 АЕК-ке дейін (11 076 теңге) азық-түлік сатып ала алады.
Қуандық Бишімбаев әлі күнге дейін жұмысқа орналастырылмапты. Алайда, құқық қорғаушының айтуынша, бұл ерекше жағдай емес. Қазақстанда тек 30–40% сотталғандар ғана табыс табады. Бұл түрменің қауіпсіздік деңгейіне және оның аумағында немесе жанында өндірістің бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер минималды қауіпсіздік режиміндегі колония болса, жағдай жеңілдеу болады. Сотталғандар түрлі мамандықтар бойынша оқудан өтіп, біліктілік ала алады.
«Жұмысқа орналастыру — бұл тәрбиелеу әдісі. Осылайша, күндер тез өтеді, сотталғандар жалақы алады, бұл оларға егер қарыздары болса өтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар туыстарына көмектесіп, ақша жібере алады. Бірақ Бишімбаевқа келетін болсақ, мұндай мәселе жоқ», — деді Бауржан Мусин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық