Белсенді Жанболат Мамайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды

cover

«Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топтың жетекшісі, белсенді, саясаткер Жанболат Мамайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды. Жаңа ғана Алматы полициясынан хабарласып, маған қарсы 378 бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Бүгін, 26 қазан күні сағат 16-00 Алматы полиция департаментіне шақырды, - деп жазды Жанболат Мамай өзінің Facebook парақшасында.

378-бап. Билік өкiлiн қорлау

1. Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар