«Барлығын Америкаға өткізіп қойғанбыз»: неге шетел агенті заңы бізге керек емес?
Фото: tock.adobe.com
USAID-тың шығындары туралы дау әлі де жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Ресейдегідей шетел агенті туралы бөлек заң қабылдау керектігін айтты. Бірақ Ғазиз Әбішов бұған күмәнмен қарайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өзінің телеграм-каналында Ғазиз Әбішов «Қазақстан ұлттық партиясы» (ҚҰП) әлі күнге дейін USAID тақырыбында сөз қозғайтыны туралы жазды. Расымен де ҚҰП депутаттары USAID-тен грант ұтқандарды қайта қарауды тапсырған болатын. Мәжілісмендер сырттан келген ақша біздің мәдениетімізге бөтен идеологияны тықпалап жатса, оны «толлеранттылық» деуге келмейді дегендей болды.
Бірақ бұл жерде бәрі анық емес. Біріншіден ҚР билігі шетел ақшасына өмір сүріп жүргендерді жіті бақылауында ұстайды.
«Қазақстан өз уақытында Грузия, Украина және Қырғызстаннан сабақ алып, бақылау механизмін жолға қояды. Бұл мәселеде мемлекет дәл қажетті жағдайда тұр. Онда кәсіпқойлар жұмыс істейді. Шетел агенттері туралы заң белгілі бір мағынада бар, ол көптеген басқа қолданыстағы заңдардан таралады. Әркім өзіне керегін біліп алады», – дейді Ғазиз Әбішев.
Дау USAID-тың жобаларға артық шығын құртқанында ғана емес. Дегенмен әлем бойынша жергілікті белсенділерді тікелей қаржыландыратын ұйым енді жұмыс істемейді. Кез-келген үгіт-насихат онлайн түрде жүріп жатыр. Ал Қазақстанның цифрлық қауіпсіздігі туралы ашығын айтар болсақ, ол онша емес.
«Цифрлық технологиялардың ілгерілеуі барлық қазақстандықтарды мобильді құрылғылармен және дүниежүзілік желіге еркін қол жеткізумен қамтамасыз етті. Осы жылдар ішінде біз барлығымыз геолокацияларды, саусақ іздерін, бет векторларын, көптеген елді мекендердің шынайы бейнелерін америкалық корпорацияларға тапсырдық. Америкалық операциялық жүйелері бар телефондарымыз бізді тыңдаудан тартынбайды, қажетті жарнамаларын жібереді»
Нәтижесінде, саясаттанушы, Big Data-ға қол жеткізе алатын шетелдік сарапшылар Қазақстанды қазақстандықтардың өздеріне қарағанда жақсы білуі мүмкін деп қорытындылады. Бұл қоғамдық сананы басқаруға үлкен кеңістік ашады. АҚШ және Қытай сияқты елдердің жасанды интеллектіні соншалықты белсенді дамытып жатқаны кездейсоқ емес.
«Жасанды интеллект смартфондар мен әлеуметтік желілерден жиналған үлкен деректерді талдай алады және қоғамның бейнесін дұрыс бағытта жасай алады. Ол тілдік және мәдени кедергілер болмаған кезде өзінің тұрақты тұтынушысын табады. Мұнымен салыстырғанда саясаттандырылған USAID гранттарының үлесі қандай?»
Эксперттің ойынша, шетелдің ықпалы бар арналарды шұғыл түрде жауып тастау – бекер. Тек Қазақстанның өз бәсекеге қабілетті күн тәртібі болуы тиіс, ол сұранысқа ие және танымал болады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді