«Балаларды күйзелткен әке-шеше жанжалы»: Әйтенов 12 күнге қамалды
Коллаж Orda.kz
Бүгін Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің ісі бойынша сот отырысы өтті.
Бұрынғы ерлі-зайыптылар жанжалы
Orda.kz қазіргі таңда елімізде ажырасу өте көбейіп кеткенін еске салады. Статистикалық деректерге зер салсақ, 2023 жылы жалпы ажырасу Қазақстан бойынша 40,2 мың рет тіркелді.
Осыған орай, Orda.kz тілшісі бұрыңғы ерлі-зайыптылар, «Самұрық Қазынаның» экс-директоры Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың сотына қатысқан болатын.
Orda.kz бұған дейін әйелінің арызына сәйкес оның қамауға алынғаны жайлы жазды. Бүгінгі сотта Марат Әйтеновке 12 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Не болды?
Марат Әйтенов 15 шілде қамауға алынып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл іске қосымша назар аударылып, Әйтенов бұрынғы жұбайына қарсы полицияға арыз берген соң, іс жайлы тың хабарларды білдік. Ол бұрынғы жұбайын үйінен күштеп шығарған болатын. Осы оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желілерде тарап, қоғам назарын аударды.
Бұған дейін Әйтенов оларды шығарған үйдің Әрсен Мұсалімовке тиесілі екенін, ал жаңа меншік иесі 2022 жылдан бері үйдің босатылуын талап етіп келгенін айтқан. Әтешова үйді босатудан бас тартқандықтан, 2024 жылы 12 шілде сот орындаушының көмегімен мәжбүрлі түрде шығару жүзеге асырылғанын айтты.
Бүгінгі сотта:
«Үйден шығарар кезде көшіп баратын баспанамызды дайындап қойған болатынбыз», — деді Әйтенов жақ.
Марат Әйтенов сотта шын жүректен кешірім сұрап, бар кінәсін мойындады.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы оқиға жайлы Дана Әтешова Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, әділ шешім шығаруға көмектесуін өтінген болатын. Сондай-ақ, ол балаларды және әйелді шығаруға қатысқан полиция қызметкерлерін қызметтегі әрекетсіздік үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтты.
Екі ортада психологиялық соққы алған балалар
Бүгін, 2 шілде Астанада өткен сот отырысында Дана Әтешова айыпты Марат Әйтеновтен қорқатынын, қазіргі тұрып жатқан жерін жасыратынын айтты. Сондай-ақ, өздерін күштеп шығарып жатқан кезде әрекетсіздік танытқан полиция қызметкерлерінің керісінше Марат Әйтеновке болысқанын баяндады.
«Бейнеден көрінгендей ол маған қол көтерді. Басымда гематома бар. Ол қолымды қайырғанда, босап шығуға жұлқындым. Босап шығып кеттім. Қаштым. Ол мені ұстауға тырысты. Ұстай алмаған соң ұра бастады», — деп Дана Әтешова жарақат алған, көгерген жерлерін көрсетті.
Дана Әтешова күштеп үйден шығару кезінде балаларының психологиялық соққы алғанын айтып, 17 жылдық тәжірибесі бар психолог маманның тұжырымдамасын іске тіркеуді ұсынды.
Марат Әйтенов психологиялық соққы жайлы сөз қозғалғанда:
«Сол жағдайды біле тұра балаларды әкелген… Сонда осы психологиялық соққыны тудырған кім?», — деді Марат Әйтенов.
Дау болғанымен, судья К.Тобағалиұлы заңның 434 бабына сәйкес қаулы етіп, қылмыстық кодекстің 24 бабына сәйкес тараптар дәлелдеме ұсынуға құқылы екенін айтты. Сот өтініш хаттарды іске тіркеді. Сондай-ақ, бұрынғы жұбайының 9 жыл бойы соққы көргенін жоққа шығаратын Есіл аудандық сотының шешімін Марат Әйтенов өтініш хат ретінде ұсынды. Оны да сот іске қосып тіркеді және барлық өтініш хаттарға жарыс сөзде сілтеме жасауға құқықтары бар екенін мәлімдеді.
Сот үкімі
Ақыры сот, екі тараптың жарыс сөзінен кейін, барлық дәйектемелерді ескере отырып үкім шығарды.
Үкімде Астана соты Марат Әйтеновке 12 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қылмыстық кодекстің 109 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, Марат Әйтеновті үйді босатпай жүрген жұбайын әдейі қапсырып ұстап, балалардың көзінше зорлық көрсетті деп таныды. Оның шын жүректен кешірім сұрағанын ескере отырып, жазаны жеңілдетіп, 12 тәулікке қамау туралы жаза тағайындады. Сот бейнежазбада балаларға қандайда бір зорлық көрсетілмеді, тек жұбайы Дана Әтешоваға ғана зорлық көрсетілді деп атап өтті.
Қазақстан Petrelli Previtera зерттеулері бойынша ажырасудан көш бастайтын 10 елдің екіншісі болып тұр.
Дана Әтешова мен Марат Әйтеновтің ажырасуы да, жанжалға ұласқан үйден күштеп шығару дауы да балалардың психологиясына әсер етіп, психо-эмоциялық жарақат қалдырғаны сот залында оқылды.
Дүниеге бала әкелу — қайткен күнде де жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан екі тарап та оны сезінуі керек. Марқұм Бейсен Құранбектің сөзі желіде ұзақ уақыт тарап жүрді. Онда ол әйеліне «Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды» деген болатын. Бұл үлкен жанжалға ұласқан тартыс — жастарға отбасы құрмай тұрып, алды-артыңды барлап алу керегін, отбасы деген қасиетті ұғымда жауапкершілік керек екенін көрсетіп берді.
Жаңалықтар
- Қазақстанға Кения президенті келді
- Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі ретінде Бангладештегі босқындарға қолдау білдірді
- Құрбан айт намазының уақыты жарияланды
- Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
- «Әуе таксиі» Алматы маңында ұшты: Alatau City-де eVTOL алғаш рет көрсетілді
- Қарағандыда пышақ ұстаған жасөспірім 8 жастағы баланың соңынан аңдыған
- Мамыр айында күн суыта ма?:«Құралайдың салқыны»
- Тоқаев: Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз
- Ауыр жүк көліктеріне елді мекендердің ішінде жүруге тыйым салынады
- Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалды
- Үкімет Алатау қаласы үстінен ұшып жүрген ұшқышсыз аппарат жайын түсіндірді
- Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
- Трамп сапарынан кейін ЕО Қытайға экономикалық тәуелділіктен қаша бастады
- «Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
- Қыз үндемесе — келіскені: Талибан балалар некесіне жол ашты
- СҚО-да әкім өз-өзіне қол жұмсады
- Алматы облысындағы саяжайда ірі көлемде есірткі дайындағандар сотталды
- Беларусь ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды бастады
- Иран байытылған уранын АҚШ-қа емес, Ресейге бермекші
- Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді