Байқоңырдан ғарышқа 38 спутник жіберіледі

cover

22 наурызда Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағынан 18 елдің 38 спутнигі орбитаға шығарылады.

Ақпарат Zakon.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Союз-2.1 а» зымыранымен CAS500-1 (Корея Республикасы) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараты, ELSA-d ғарыш қоқысын жоюға арналған жапондық аппарат, Grus Жерді қашықтықтан зондтаудың жапондық спутниктері, Сауд Арабиясының жер бейнелерін алуға және Najm-1 байланысын қамтамасыз етуге арналған шағын аппараты, Берлин техникалық университетінің байланыс спутниктері орбитаға жөнелтіледі.

Сондай-ақ, ЖҚЗ Экономика жоғары мектебінің (ЭЖМ ҒЗУ) бірінші спутнигі, «Сириус» орталығының кубсаты және ЭЖМ ҒЗУ, «Спутникс» компаниясының «Орбикрафт-Зоркий» спутнигі және басқа да аппараттар орбитаға жіберіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар