Австралиялықтар Қазақстаннан алтын іздейді
Фото: Envato
Австралиялық C29 Metals Limited компаниясы Қазақстандағы мол қоры бар мыс және алтын кен орындарын барлау жөніндегі жобаны іске асырумен айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл істі компания Астанада тіркелген Bask International Group Ltd компаниясымен бірлесіп жасайды. Жаңа кәсіпорын өндіру әлеуеті жоғары кен орындарында геологиялық барлаумен айналысады. Австралиялық компания 75%, қазақстандық компания 25% үлеске ие болады. C29 Metals Limited бастапқы қаржыландыруды толығымен қамтамасыз етеді.
Bask International Group ltd компаниясының құрылтайшысы Ерлан Исекешев C29 Metals Limited компаниясымен жасалған мәмілеге түсініктеме берді. Ол қазақстандағы жер қойнауының әлеуеті орасан зор екенін және айтарлықтай дәрежеде зерттелмегенін алға тартты.
«Қазақстанда жаһандық энергетикалық ауысу мен өнеркәсіптік инновациялар үшін қажетті аса маңызды минералдардың түр-түрі бар. Бұл компаниямен серіктестігіміздің негізінде нақты жоспар жатыр», — деді ол.
C29 Metals Limited — уран және мыс кен орындарын барлау мен игерумен айналысатын австралиялық компания. Фирманың басшысы — Джеймс Филипп Майерс. Австралиялықтар үшін бұл жоба Қазақстандағы бірінші жоба емес. Олар өткен жылы Жамбыл облысындағы уран кен орнын геологиялық барлаумен айналысқан болатын.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы айларда алтын-валюта қорлары ішінен алтынды ең көп сатқан елдер арасында екінші орынға шыққан еді.
Жаңалықтар
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды