Австралияда 18мың адам эвакуацияланды

cover

Австралияның оңтүстік-шығысындағы Жаңа Оңтүстік Уэльсте шамамен 18 мың адам нөсердің салдарынан үйлерін қалдыруға мәжбүр болды, деп мәлімдеді штаттың премьер-Министрі Глэдис Бережиклян.

Бұл туралы Orda.kz Риа-Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін жергілікті Sydney Morning Herald газеті штат билігі жұмадан бері жалғасып келе жатқан су тасқыны мен қатты нөсер кезінде эвакуациялық орталықтар ашқанын хабарлады.

— Мид-Норт жағалауындағы аймақтағы үйлерден 15 мыңға жуық адам эвакуацияланды, қазіргі уақытта шамамен 3 мың эвакуация (Сидней аймағында-ред.) жүргізілді, – деді Премьер - Министр брифинг барысында.

Бережиклян қатты жаңбыр жауғандықтан, жергілікті тұрғындарды сақ болуға шақырды. Жалпы алғанда 38 аумақ «табиғи апат аймақтары» деп танылды. Демек, адамдар қаржылық көмек ала алады – әр ересек адамға мың Австралиялық доллар (шамамен 800 АҚШ доллары) және әр балаға 400 доллар (300 АҚШ доллары).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар