Аузыңызға ие болмасаңыз - қалтаңыз қағылады: айыппұл көлемі өсті

cover Фото: gov.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіп бұзғандар қомақты айыппұл арқалайды. Оның себебі ақшалай айыппұл төлемдерінің мөлшері де тікелей айлық есептік көрсеткішке байланысты өсіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - бұл жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, айыппұлдарды, салықтарды және Қазақстандағы басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын мемлекет белгілеген төлем.

Сондықтан АЕК артқан кезде заңның нормалары өзгеріссіз қалса да, осы көрсеткішке байланысты барлық айыппұлдар да бірден ұлғаяды.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК 4 325 теңгеге дейін өсті, ал 2025 жылы ол 3 932 теңге болды. 

Демек, айыппұл төлеу де қымбаттады:

Қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айту. Қоғамдық орындардағы біреуді боқтағаны үшін ең төменгі айыппұл 20 АЕК - 78 640 теңге болған еді, енді 2026 жылы ол 86 500 теңгеге дейін өсті.

Ортақ пайдаланатын орындарды ластау. Қоқыс тастағаны және саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық орындарды ластағаны үшін:

бірінші бұзушылық - 10 АЕК: 2025 жылғы 39 320 теңге болса,  2026 жылы 43 250 теңгеге дейін өсті;

жыл ішінде қайталап бұзушылық - 20 АЕК: 78 640 теңгеден 86 500 теңгеге дейін көтерілді.

Алкогольді ішкені немесе қоғамдық орынға мас болып келгені үшін айыппұл:

ең төменгі - 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге дейін (5 АЕК) болады;

ең жоғарғы (бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда) - 39 320 теңгеден 43 250 теңгеге  (10 АЕК) секірді.

Вандализм үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Айыппұлдардың мөлшері де сәйкесіншіе өседі:

ең төменгі айыппұл - 2026 жылы 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін (100-200 АЕК);

ең көбі - 2,1-ден 8,6 миллион теңгеге дейін (500-2 000 АЕК), бұл тек ауырлататын жағдайлар үшін қарастырылған.

Егер кәмелетке толмаған бала вандализм жасаса, ата-аналарына немесе қамқоршыларына ӘҚБтК бойынша айыппұл салынады:

айыппұл 58 980 теңгеден 64 875 теңгеге дейін (15 АЕК) ұлғайды.

Ұсақ бұзақылық. Ғимараттарды, құрылыстарды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіргені үшін: 2026 жылы 50 АЕК (2025 жылы 196 600 теңге) - 216 250 айыппұл салынады.

Қазақстанда мәліметтерді жасырып, хештеуді, сондай-ақ ақпарат таратумен күресу үшін базадан ақпаратты жаппай пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Елімізде дерекқордағы жеке мәліметтерді оңды-солды қолданғандарға ірі айыппұл салынатын болды. 


Оқи отырыңыздар:

Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

Енді әлеуметтік желіде репост жасағандарға айыппұл салынады

Сабақ кезінде телефон қолданған оқушылардың ата-анасы айыппұл арқалайды

Енді суық күнде көлік қыздырсаңыз 19660 тенге айыппұл төлейсіз 




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар