Аутист балаларды «өлтіруге үндеген» алматылық блогер елден кешірім сұрады
Коллаж: Orda.kz
Әлеуметтік желіде аутизм диагнозы бар балалар мен олардың ата-аналары туралы жағымсыз пікір жазған блогер Райхан Жұмамұратова жұрт алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер өзінің Facebook парақшасында бейне жариялап, сол кездегі эмоциясының әрекетіне әсер еткенін айтты.
«Ауыр пікір жазғанымды қаншама ата-ана жекеме шығып жатқан соң түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар бала өзімнің баламмен жасты болған соң, сол баланың орнына өз баламды лақтырып жібергендей сезім болып, ашуға беріліп айтып қойдым. Шын көңілмен кешірім сұраймын», – деді ол.
Блогер ешкімді ренжіткісі келмегенін де атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін блогер желіде «аутист балалар көп болып кетті. Оларды емдету керек, емделмесе өлтіру керек. Немесе оларға арнап аурухана ашу керек» деп жазған болатын. Осы пікіріне байланысты Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығы Бас прокуратураға және ҚР ІІМ-не ресми шағым түсірген.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды