Атып тастау да керек: полковник Қаңтарда азаптаған полицейлер туралы сөз қозғады
Фото: Orda.kz
Алматы облыс Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет кентінде болған азаптауға байланысты соңғы сот өтті. Сотта 6 айыпталушының барлығы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот жауабынан кейін запастағы полковник Аршабеков өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полковник бұл жағдайда қызметкерлер өз қызметін асыра пайдаланды деп те, жай ғана бұйрықты орындады деп те екі жақты қарауға болатынын айтты.
«Менің ойымша, бұл жерде оларды жоғары жақтан келген тәртіпсіздіктің алдын алды деп те, өз қызметін асыра пайдаланды деп те айтуға болады. Мақұл сол жерде қызметті асыра пайдаланды делік. Бірақ қараңызшы, бұл жағдай барлық жерде болды ғой. Бұл жоғарыдан келген тапсырыс. Күш қолданып қана емес, жеңіліп бара жатсақ атып тастау да керек болды», – дейді полковник.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда полиция қызметкері болудың қиын тұсы резонанс болған сәтте бұйрықты орындаса да, орындамаса да кінәлі болатынын айтты.
«Қазақстандағы полиция жұмысының қауіптілігі – бұл кез-келген уақытта полиция қызметкері өз жұмысын орындаса да, бұйрықты орындамаса да кінәлі болуы мүмкін. Жаңа айтқандай, бұл жағдайда олар орындады және кінәлі болып тұр. Мұның бәрі конъюнктураға, резонансқа байланысты. Тәжірибелі полицей ретінде, біздің полицейлер ситуацияның, конъюнктураның, резонанстың астына көп қалады деп айтқым келеді. Резонанс бар жерде кез-келген жағдайда олар кінәлі. Менің ойымша, бұл тұста да кінәлі болып тұр. Өйткені «не болды?» деген сұрақтарға жауап беру керек қой», – деді Аршабеков.
Полковниктің ойынша, олар жазаланбайды. Бұл іс тағы да талқыланады.
«Мен олар жазаланады деп ойламаймын, тағы да бәрін талқылайды. Уақыт өтеді ақыр соңында бәрі өз орнына келеді, иә балалар үшін бұл қазір өте қиын жағдай, олардың тағдыры, олардың отбасылары, балалары, туыстары, мансаптары бар. Бірақ мұндай тарихи оқиғалар болған кезде оған кім қарайды!?», – деп қорытындылады ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық