Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

cover Фото: Бейнеден кадр

Астананың Байқоңыр ауданындағы А.Янушкевич көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттағы дүкенде тоңазытқыш жабдықтары жанып жатқан. Дереу тұрғындар эвакуацияланды.

«Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізілуде», деп хабарлады ТЖМ. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Көп өпей, ТЖМ күштері көмегімен өрт толықтай сөндірілді. 9 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қауіпті аймақтан 1 газ баллонын алып шыққан. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар