Американдық доллар тағы да нығайды

cover

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы тағы көтерілді.

Бұл туралы Orda.kz қазақстандық KASE қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа алынған бағамы 0,52 теңгеге көтеріліп, 427,01 теңге болды.

Kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 426,74 теңге, сату - 428,27 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде американдық валюта орташа есеппен 426,67 теңгеден сатып алынады және 427,77 теңгеден сатылады.

Еске салсақ, Ұлттық банктің 17-19 шілдедегі доллардың ресми бағамы 426,47 теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар