Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

cover Фото: olympic.kz

Парижде дзюдодан Grand Slam сериясындағы беделді халықаралық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан өкілі жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Orda.kz.

Аман Бақытжан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол үш қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шыққанымен, бұл кезеңде жеңіліс тапты. Кейін қола медаль үшін өткен белдесуде басым түсіп, жүлделі орынға ие болды.

22 жастағы Бақытжан Grand Slam турнирінде мансабында екінші рет жүлдегер атанды. Былтыр ол Астанада өткен осындай жарыста қола медаль жеңіп алған болатын.

Тағы бір қазақстандық Шерзод Давлатов та 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, алайда алғашқы белдесуінде израильдік Ицхак Ашпизге жол берді. Ашпиз турнир қорытындысында Бақытжанмен бірге қола жүлдеге ие болды. Алтын медальді әзербайжандық Балабай Ағаев, күміс жүлдені украиналық Дильшот Халматов жеңіп алды.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандықтардың екеуі де алғашқы белдесулерінде жарыстан шығып қалды. Бауыржан Нарбаев пен Гусман Қырғызбаев (Олимпиада-2024 қола жүлдегері) жеңіліп қалды.

73 келі салмақта Есет Қуанов екі белдесуде жеңіске жеткенімен, ширек финалда ұтылып қалды. Ол жұбаныш кезеңіне өткенмен, қола медальға қол жеткізе алмады. Бұл салмақта қазақстандық Дастан Шаяхметов те жүлдесіз қалды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар