Алматыда жылжымайтын мүлік салығы бойынша қарыз 735 млн теңгеден асты

cover

Алматы тұрғындары жылжымайтын мүлік салығы бойынша 735 миллион теңге қарыз.

Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Алматының 55 644 тұрғыны мүлік салығын төлемеген. Бұл азаматтардың дені Медеу ауданында, олардың  қарызы 315 миллион теңге болып отыр.

Түменбаев үйлердің, пәтерлердің, саяжайлардың және басқа да ғимараттардың иелері 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуі керектігін еске салды.

«Бүгінде Алматыда салық салуға жататын 642 мың жеке үй, пәтер, саяжай және гараж бар. Олардың болжамды құны 3 054 млрд теңге, ал 2022 жылға есептелген салық сомасы 3,9 млрд теңгеден астам»,-  деді Түменбаев.

Ол өткен жылмен салыстырғанда Алматыда салық салу нысандарының саны 27 238-ге артқанын атап өтті. Азаматтарға арналған жаңа жылжымайтын мүліктің басым бөлігі Бостандық ауданында пайда болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар