Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді

cover Фото: Алматы әкімдігі

Болашақ ана мерзімінен бұрын су кетуіне байланысты шұғыл түрде медициналық орталыққа жеткізілді. Ультрадыбыстық зерттеу барысында дәрігерлер ішіндегі нәрестенің өміріне қатер төнгенін анықтап, шұғыл ота жасауға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер жүктіліктің 27-аптасында дүниеге келген шала туған қыз баланың өмірін сақтап қалды. 

Кесарь тілігі орталық директоры Светлана Рахимова басқаратын мамандар тобының қатысуымен жасалды. Нәтижесінде салмағы небәрі 730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.

Нәресте өмірінің алғашқы сәтінен бастап жаңа туған балалардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. 28 күннен бері дәрігерлер мен мейірбикелер тәулік бойы оның жағдайын қадағалап, ем жүргізді.

Жағдайы тұрақталған соң сәби күтімнің екінші кезеңіне — жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Отбасы орталықта 56 күн болып, осы уақыт ішінде баланың салмағы екі еседен астам өсіп, 1 800 граммға жетті.

Айта кетерлігі  Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған неонатология бөлімі ашылған.


Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар