Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды

cover Фотосуретті Нұрисламның туыстары жіберді

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы Нұрислам Ақылбектің денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қаралы хабарды Lider.kz еріктілері мәлімдеді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.

«Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті 2 шілде күні тауға шығып кеткен. Оның телефоны 4 шілдеде сағат 21:59-да Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы маңында сөндірілді. Жасөспірімді Алматы ПД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің өкілдері мен еріктілер іздестірген еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар