Алматы облысы «қызыл» аймаққа енді

cover

Коронавирустың таралуы бойынша ведомства аралық комиссия шығарған статистикаға сәйкес Алматы облысы «қызыл» аймаққа енді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

19 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 5317 (алдыңғы тәулікте 5658 жағдай анықталды) жаңа жағдайы тіркелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар