Алла Пугачёва ағасының Семей полигонындағы радиациядан зардап шеккенін айтты
Фото: Бейнеден кадр
Әнші Алла Пугачёва журналист Катерина Гордееваға берген сұхбатында өзінің отбасы мен туған бауырының қасіретті тағдыры туралы айтып берді. Оның айтуынша, ағасы кеңес дәуірінде Қазақстанда әскери қызмет етіп, Семейдегі ядролық полигонда радиацияға ұшыраған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Әуелі ағам әскери қызметте болды, байланыс саласының мықты маманы еді. Семейде, Қытай шекарасында қызмет етіп жүріп сәуле тиді. Кейін балалары өлі туа бастады. Содан соң оны әлдебір себеппен Ауғанстанға жіберді» — деп еске алды Пугачёва.
Пугачёваның ағасы бала кезінен тіл үйренуге бейім болып, әскери шет тілдер институтына түсуге армандаған екен. Алайда саусағында кемістік болған соң ол жерге қабылданбаған.
«Барлық емтиханын үздік тапсырған еді. Бірақ институтқа алмай қойғаны үлкен қасірет болды. Сол кезде жүйкесі сыр беріп, ішімдікке салынып кетті», — деді Алла Пугачёва.
Кейін оны әскери байланыс училищесіне жіберді. Сөйтіп ол арманына жете алмай, әскери маман болып шықты. Пугачёваның айтуынша, ағасы өте дарынды адам болған. Өлең жазып, ән айтып, музыкамен айналысқан. Ақыры кеңестің арнайы қызметінде жұмыс істеді.
«Психикасында бір тұрақсыздық болды. Ал шын мәнінде өте талантты жан еді…» — деп еске алды әнші.
Әртістің айтуынша, ағасының қасіретті тағдыры, әскери қызметі мен радиация салдары бүкіл отбасына ауыр әсер еткен.
Бұл Алла Пугачёваның Ресейден кеткеннен кейін беріп отырған алғашқы көлемді сұхбаты. Әншінің айтуынша, отбасын қудалаған соң, шетелге кетуге шешім қабылдаған. Оның жұбайы Максим Галкинге «шетел агенті» деп айдар тағуы және балаларға мектепте жасалған буллинг шетелге кетуге әсер еткен. Примадонна «ар-ождан даңқтан қымбат» екенін айтып, шындықты айта алу үшін кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.
Пугачёва соғысты және «биліктің шексіздігін» сынға алды. Сөз бостандығы жайлы сөз қозғап, керісінше әркімнің өз ойын ашық айтуы айту құқығы — нағыз патриотизм екенін жеткізді.
«Өзіміздің де, өзге елдің де адамдарының қазасы — төзуге болмайтын қайғы», — деді ол.
Әнші сұхбатында балалық шағын, жоқшылықта болған кездерін, майдангер әкесін, ағасының қасіретті тағдырын, сондай-ақ шығармашылық жолын — «Арлекино» мен «Золотой Орфейден» бастап Чернобыльді жоюшыларға арналған концерттерге дейін қалай жеткенін еске алды.
Әнші 5 рет некеде болған. Дегенмен ол Миколас Орбакаспен және Максим Галкинмен болған некесін шынайы неке болды деп атап өтті. Қазір оның отбасында үйлесім мен бақыт орнағанын да айтады.
Сөзінің соңында Пугачёва көпке:
«Шындықты айтуды үйреніңіздер. Өмірдің әр сәтіне қуаныңыздар. Соғысты қызықтап емес, бейбітшілікті тілеп дұға қылыңыздар»,– деп үн қатты
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты