Ақтөбеде «блогермін» деп бірнеше адамды алдаған қоғамдық кеңестің мүшесі сотталды
Фото: Freepik.com
Ақтөбеде «блогермін» деп бірнеше адамды алдаған қоғамдық кеңестің мүшесі сотталды. Мемлекеттік сатып алу кезінде жеңіп шығуға уәде еткен қоғамдық кеңес мүшесі сотта жеңіл жазамен құтылды. 35 жастағы тұрғын сотта жерлестерінен алдап, ақша алғанын мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұғалжар аудандық соты әкімдік жиынына қатысып жүрген қоғамдық кеңес мүшесіне айыптау үкімін оқыды. Сот үкіммен «Алаяқтық» бабымен айыпталған 35 жастағы сотталушыға 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
«Сотталушы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен айыпталады. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды», деп мәлімдеді сот.
Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов сотталушының биыл наурыз айынан бастап қоғамдық кеңеске мүше болғанын растады.
Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылдың тамыз айында А. есімді сотталушы Қандыағаштағы азық-түлік дүкенінің иесіне өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырады. Алкоголь өнімдерін сағат 23:00-ден кейін де сатуды шешіп беремін деп алдап, одан 1 млн теңге алған.
Кейін көлік жуу қызметінің иесіне жүргізуші куәлігін қайта қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, 257 мың теңге алады. Тағы бір жерлесін жұмысқа тұрғызамын деп сендіріп, 450 мың теңге алған.
Сондай-ақ мердігерге Қандыағаш қаласында орналасқан саябақ пен ескерткішті күтіп ұстау жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде жеңіп шығуға көмектесетінін айтып, уәде еткен. Байқау құжаты талапқа сай келмейтін кәсіпкерден реттеп беремін деп 1 млн теңге алған.
Қоғамдық кеңес мүшесі осылайша бірнеше адамнан алаяқтық жолмен 2 млн 607 мың теңге иемденіп, өз пайдасына жұмсағаны сотпен дәлелденді.
Сотталушы кінәсін мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал толығымен өтеді.
Прокурор соттан сотталушы 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Айта кетейік, осыған дейін Қандыағаш қаласындағы 273 млн теңге бөлінген саябақтың 5 жыл бойы салынғанын жаздық. Демалыс орны әлі де қаңырап тұр, кемшіліктер жойылмаған.
Сонымен қатар, Мұғалжар аудандық мәслихат депутаты 672 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Іс тергеліп жатыр.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласында тағы бір әкімдік қызметкері «пара алу» бабымен сот алдына келді. Тергеу кезінде қылмыстық іс бойынша аудан әкімінен жауап алынған. Енді мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақыруды сұрап жатыр.
Жаңалықтар
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты
- Қонаевта жаттықтырушы кәмелет жасқа толмаған қыздарға азғындық жасады деп айыпталды
- Қораппен суға тасталған марғауларды полицей құтқарып алды
- Тарихта алғаш рет әйел адам Англикан шіркеуін басқарады
- Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі
- «Салық төлеушілердің көз жасы»: LRT-ның суымен көлігін жуған жүргізуші жұртты күлдірді
- Ер адам жас балаларды соққыға жыққан: Жәбірленушілер кешірім бергенге қарамай күдікті заң алдында жауап береді
- Алматыда жантүршігерлік жол апатынан кейін бақылау күшейтілді
- Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
- Челябіде мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секіріп кетті
- Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді