Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
Коллаж Orda.kz
Актөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 64 жастағы өгей атасынан балалы болған тоғызыншы сынып оқушысына қатысты өңір әкімдігі қандай шаралар қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Актөбе облысының әкімі брифингте журналистерге медициналық тексерулер кезінде дәрігерлер жүктілігін анықтай алмаған, босанған мектеп оқушысына қатысты жағдайды түсіндірді. Айта кетейік, қыздың жүктілігін не мұғалімдер, не дәрігерлер байқамаған.
«Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы сараптамалар жүргізіп жатыр. Біздің тарапымыздан да бұл жағдай назардан тыс қалмады. Комиссия құрдық. Оның жұмыс қорытындысы бойынша тексерулер жүргізіп, мектеп оқушысының жағдайын ертерек анықтауға тиіс мамандарды қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды. Аудандық білім бөлімінен бастап бірқатар қызметкерлер жазаланды. Олар өз лауазымдарынан босатылды», – деді Асхат Шахаров.
Еске сала кетейік, 13 қазанда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы 14 жастағы мектеп оқушысы ішінің ауырғанын дәрігерлерге айтқан. Медициналық қызметкерлер қыздың толғатқанын байқап, жағасын ұстаған. Бұған дейін ол үш рет медициналық тексеруден өткен, алайда жүктілігі байқалмапты.
Тергеушілер баланың әкесі – қыздың әжесімен бірге тұратын 64 жастағы азамат, яғни мектеп оқушысының өгей атасы екенін анықтады.
Жаңалықтар
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- «Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
- Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді