Ақтөбе облысында өгей әкесі зорлаған қыз бала тағы да зорлыққа ұшырады
Фото: Shutterstock
Ақтөбе облысының Темір ауданында өгей әкесі зорлық көрсеткен 15 жастағы оқушы тағы да жыныстық зорлыққа ұшырағаны хабарланды. Жасөспірім мән-жайды мектеп психологтарына айтып берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Оқушы бұл туралы мектеп психологтарымен әңгімелесу кезінде баяндаған.
«Оқиғаны мектептің психологы жеке жұмыс барысында анықтап, 12 қараша күні бөлімге хабарлады. Ал оқиға тамыз айында, яғни демалыс кезінде болған», – деп түсіндіреді Темір аудандық білім бөлімі.
Қазіргі уақытта полиция кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, күдікті анықталды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеп-тексеру барысында қойылған уәждер жан-жақты қаралып, сондай-ақ оқиғаға қатысы бар немесе ол туралы мәліметі болуы мүмкін тұлғалардан жауап алынып жатыр», деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Бұл оқушының жыныстық зорлыққа ұшырауы бірінші рет емес. Бұған дейін жасөспірімге өгей әкесі қорлық көрсетті деп айыпталып, сот өтті. Өгей әкесі ҚК-тің 124-бабы 3-бөлігі «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде 14 жастағы оқушының босанғаны туралы жазылған. Күдікті ретінде 64 жастағы өгей атасы қамауға алынған.
Кейін психологиялық ауытқуы бар 17 жастағы қыздың зорлық көргені хабарланды. Оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр