Аяжан Еділованың ісін арнайы прокурор қарап жатыр

cover

Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте Аяжан Еділованың өлтірілуіне қатысты тергеу жұмыстары туралы сұрақ қойылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Журналистің сұрағына ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев нақты жауап бере алмады.

– Істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр, сондықтан мен түсініктеме бере алмаймын, егжей-тегжейін білмеймін. Біз күдіктінің ұсталғаны туралы алғашқы ақпаратты бердік, ол осы қылмысты жасады деп сотталды, - деді министр.

Күдікті азаматтың психикалық жағдайы туралы сот-психиатриялық сараптама қорытындысы да әлі күнге дейін белгісіз.

Еске салсақ, 22 наурызда жоғалып кеткен Аяжан Еділованы 1993 жылы туған Түркістан тұрғыны өлтіріп кеткен. Күдікті оқиға орнында ұсталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар