Абзал Құспан: Ресейдің Қазақстандағы мәселеге араласуы заңсыз
Фотоколлаж: Orda.kz
Соңғы уақытта тіл мәселесіне қатысты резонанастық тақырыптар көп көтеріліп жүр. Қоғам талқысына айналған қазақ тілінің мәртебесі мәселесі Ресей арналарында және ақпарат беттерінде талқыланып жатыр. «Қазақстанда орыс тіліне қарсы тілдік рейд жүріп жатыр» деген сөздер де құлаққа үздіксіз жетуде.
Қазақстанда тұрып мемлекеттік тілді білмегендерге қысым көрсетіліп жатыр ма? Ресейдің Қазақстандағы мәселеге араласуы қаншалықты дұрыс?
Осы және өзге де сұрақтар бойынша Orda.kz журналисі тіл тақырыбы төңірегінде сөз қозғап жүрген заңгер Абзал Құспанмен тілдесті.

Заңгердің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік тілді білмейтіндерге ешқандай қысым көрсетілмейді.
– Ешқандай қысым жоқ. Бұл ешқандай шындыққа сәйкес келмейді. Оны айтып отырған Абаев, Ертісбаевтар бұл мәселеге зерттеп, зерделеп келіп отырған жоқ, олар билік тарапынан келген тапсырманы орындап отыр. Оны керек десеңіз өз еркімен айтып отырған жоқ. Биліктің позициясын өздері білдіру арқылы соққыны өздеріне алады. Басында келген кездегі міндеттері де сол ғой. Мемлекет басшыларына қазақ халқының тарапынан келетін айқай-шудың бәрін өз жақтарына алып кетіп отыр.
Абзал Құспан Ресейдің Қазақстандағы мәселеге араласқаны заң жүзінде дұрыс емес екенін айтты.
– Ресейдің істеп отырғаны заңсыз, оны бәрі біліп отыр. Сонымен қатар, бұл жерде тап-таза бұрмалаушылық бар. Жеке азаматтар тарапынан «Тілдік рейд» деген ешқашан болған емес. Оны өздері ойлап тапқан. Кез келген азамат өз ана тілінде жауап алуға құқылы. Ресейдің істеп отырғаны Қазақстанның ішкі саясатына қол сұғу болып есептеледі. Бұл саяси қателік. Ал біздікілердің оған жол беріп отырғаны да саяси қателік.
Заңгер тіл мәселесінде ұлтқа бөлінуге болмайтынын жеткізді. «Әрбір мемлекетке барғанда сол елдің тілін білу міндет» дейді ол.
– Қазақстанда қазақ тілін қазақстандықтар білу керек. Қазақтар біліп алсын, кейін басқалар үйренеді деп ешкім жаза алмайды. Бұл жерде ұлтқа бөлінуге болмайды. Бұл – ғылыми негізі жоқ дүние.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық