Әбу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға алғашқы қадам жасалды

cover Фото: aa.com.tr

Әбу-Дабиде өткен кездесу жаңа серпін алып, АҚШ, Украина және Ресей соғысты тоқтатуға бағытталған негізгі қадамдар бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Әбу-Дабиде өткен үшжақты келіссөздер барысында АҚШ, Украина және Ресей атысты тоқтату режимін сақтау және әскери белсенділікті бақылау мәселелерін талқылады. 


«4 және 5 ақпанда АҚШ, Украина және Ресей Федерациясы делегациялары Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігерді біріктіру үшін Әбу-Дабиде өткен екінші үшжақты кездесуге жиналды. Талқылау сындарлы сипатта өтіп,  берік бейбітшілік үшін жағдай жасауға бағытталды» деп жазды өзінің Х парақшасында Стив Уиткофф.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі делегация Ресей Федерациясы мен Украина 157 әскери тұтқынды босатады деген уағдаластыққа қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл соңғы бес айдағы алғашқы алмасу.

Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей АҚШ-тың Еуропалық бағыттағы қолбасшысы генерал Алексус Гринкевич бастаған әскерилермен сөйлесуге келіскен. Осы екі күнде делегация атыс -шабуылдарды тоқтатуды бақылау әдістерін қоса алғанда қалған ашық мәселелер бойынша кең пікірталас жүргізген.

Делегация алдағы аптада үшжақты талқылауды жалғастыруға келісті. Олар Біріккен Араб Әмірліктеріне келіссөз алаңын ұсынғаны үшін ризашылық білдірді.

Әбу-Дабидегі келіссөздер соңғы күндері күшейген дипломатиялық байланыстар аясында өтуде. Бұған дейін Мәскеуде Владимир Путин АҚШ-тың арнайы өкілдері — Стив Уиткофф, Джаред Кушнер және Джош Грюнбауммен шамамен төрт сағатқа созылған кездесу өткізген болатын.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар