90-жылдың бандиттері ондай қатыгез болмаған шығар — Қаржаубайдың адвокаты
Қоғамды дүр сілкіндірген 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Бүгін жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөзде сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Мейірман Шекеев: «Сотталушылар қанша жылға сотталса да, тірі келеді. Ал менің балам өлді» деген Шерзаттың әжесінің сөзімен сөз бастады. Ол жарыссөзде сот қандай шешім шығарса да, елдің есінде қалатынын атап өтті. Сонымен қатар, Шекеев сотталушылардың Шерзат Полатқа пышақ сұғылып, қансырап жерде жатса да, қалғандары анасының зарына қарамастан аяусыз ұрғанын еске салып, 90-жылдың бандиттері де ондай қатыгез болмағанын айтты.
«Бұл қарапайым ғана азаматтың соты емес, бұл соттың, прокурордың жалпы әділет жүйесінің ар-ожданы сынға түскен сәт. Сондықтан бүгінгі сот қандай шешім шығарса да, халықтың есінде қалары ақиқат. Бұл тарих, әрі сот жүйесінің бейнесі болмақ. Құрметті сот, сізден дәйектермен дәлелденген фактілерді ғана емес, қан жылаған ананың көз жасын көруді сұраймын. Егер мұндай ауыр қылмысқа лайықты жаза тағайындалмаса, бұл қоғамда әділетсіздік орнап, қылмыстың қайталануына жол ашады. Шерзат қайтып келмейді, алайда әділ үкім Шерзаттың анасының көз жасын сүртуге көмек болар. Осы залда заң жүзінде ғана емес адамдық қасиеттің болғанын қалаймын. Абай атамыз айтпақшы, әділет адамгершіліктің негізгі шарты. Сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындауды, әрі моральдық, материалдық шығынды міндеттеуді сұраймыз»,– деді Шекеев.
Сонымен қатар, Шекеев Нұрымов Қаржаубайдың атынан сотталушы кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқаққа кешірім бергенін жеткізді. Сондай-ақ, Бағдагүл Әжіғалиева жарыссөзде сотта маңызды дәлел болып саналатын бейнежазба дискінің жоғалып кеткенін айтты. Оған қоса куәгер Арлан Қазыкенов көліктегі бейнетіркегіштегі жазбаны жойып жібергенін артынан тергеуде қайта қалпына келтіргенін жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тұлғаларға ауыр жаза тағайындауды сұрады.
Orda.kz тілшілері қоғамды дүрліктірген осы сот отырысына басынан бастап қатысып келе жатыр. Алғашқы сот отырыстарында 16 жасар бозбаланың өліміне қатысты сотқа жәбірленушілер мен куәгерлер келіп, мән-жайды баяндап берген еді.
Ал 6 мамыр күні Нұрғанатты заңсыз бейнежазбаға түсірген полицей қызметкері Медет Әділжанов пен айыпталушы Дархан Әскентай сот алдында жауап берді. Ал 15 мамыр күні күдікті, ағайынды Тоқтаубаевтар жауап берді. 16 мамыр 9 күдіктінің бесеуі жауап берді. Олар оқиға орнына қалай барғанын және кімнің қандай әрекет жасағанын баяндады.
21 мамыр күні басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп, өзінің пышақ сұқпағанын, Шерзатқа тиіспегенін айтты. Оның сөзінше, пышақты кім сұққанын көрмеген.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды