400 мың теңге пара алған ақтөбелік шенеунік кінәсін мойындады
Ақтөбе облысының әкімдігі экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұлдың тергеуге алынғанын растады. Кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалаған шенді жұмыстан шығарылған.
Осыған дейін ақтөбелік шенеуніктің қылмыстық іске қатысты күдікке ілінгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Қамбаров ақпаратты растады.
«Нұржан Аққұл туралы хабарды естіп отырмыз. Қылмыстық іс қозғалды. Менің ақпаратым бойынша былтыр желтоқсан айында кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалап алған. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі жақында шығады. Сотқа жіберіліп, сол жерде нақты шешім қабылданады. Ол өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесіп жатыр» деді Хамбаров.
Белгілі болғандай, ақша бопсалаған шенді тергеу изляторына жіберілмеген. Әкім орынбасары толық ақпараттың тергеу барысында анықталатынын айтты.
Ал, «қарамағындағы қызмеркер пара алса, басшы отставкаға кету туралы арыз жаза ма?» деген сауалымызға әкімнің орынбасары департаменттің министрлікке тікелей қарайтынын жеткізді.
«Нақты кімнен алғанын, қай салаға қатысты екенін білмеймін. Ақтөбе облыстық экология департаменті тікелей министрлікке бағынады. Сондықтан облыс әкімінің орынбасарларынан ешкім жауапкершілікке тартылмайды» деді Қамбаров.
Айта кетейік, Нұржан Аққұл 2020 жылдың сәуір айында Ақтөбе облыстық экология департаментіне басшы болып тағайындалды. Ол Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында бастады. Кейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Байғанин ауданының әкімі, 2014-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшы болды.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық