2025 жылы Apple рөлсіз және тежегішсіз көлік шығарады

cover

2025 жылы Apple компаниясы өздігінен жүретін көлік шығаруды жоспарлап отыр.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, жыл басында компания инженерлері көлікті бес-жеті жылға әзірлеудің болжалды мерзімін белгілеген.

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, компания қысқа мерзімде ұшқышсыз көлік жүйесін сынақтан өткізуді мақсат етіп қойған. Егер мақсат орындалмаса, өнімді шығару не кейінге қалдырылуы мүмкін, не оны сату қарапайым технологиядан басталады.

Олар рөлі мен педальдары жоқ автономды көлік жасауды жоспарлап отыр және оны қолдың көмегінсіз басқаруға болатындай етіп жасағысы келеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар