16 жылғы уәде, ал жол тек қағаз жүзінде: Қайнар тұрғындары үйлерінен шыға алмай отыр

Алматы облысы, Қайнар ауылында 16 жылдан бері жергілікті әкімдік тұрғындарға жол салып беруге уәде беріп келеді. Алайда құжат бойынша бар жол іс жүзінде жоқ. Көктем мен күзде – батпақ, қыста – қар үйінділері тұрғындарды әбігерге салады. Ауыл тұрғындары жолдың тағдыры не болатынын түсіне алмай дал. Orda.kz бұл мәселені зерттеп көрді.
Жолдың орнына – құр уәде
Редакцияға 2009 жылдан бері әділдік іздеген Гүлнұр Молдабекова хабарласты. Ол картада белгіленген жолдың шын мәнінде жоқ екенін айтты.
«Жолымыз картада бар. Бірақ 16 жылдан бері үйімізге кіретін бірде-бір жол жоқ. Бұрынғы әкімге де бардым, ол мені кабинетінен қуып шықты. Қазіргі әкімнен де еш нәтиже жоқ», – деп шағымданды ауыл тұрғыны.
Гүлнұрдың айтуынша, жауын-шашын кезінде таудан ағып келген су үй мен қора-жайларын басып қалады. Көршілерінің бірі әкімдіктің әрекетсіздігінен шаршап, өз қаражатына тас төсеп, жол салған.
«Әкім жолды өзі жөндегенін айтады. Бірақ көршім оны өз ақшасына жасады», – дейді ол.
Жолмен жүру мүмкін болмағандықтан, тұрғындар көліктерін басқа адамдардың учаскелері арқылы жүргізуге мәжбүр. Балшық болған кезде көліктерін көршілеріне қалдырып кетеді. Егер жер телімдерінің иелері өз аумақтарын қоршай бастаса, ауыл тұрғындарының жалғыз «жолы» жабылады.
«Кішкентай бала келе жатыр. Жол жоқ. Бүкіл жер – балшық. Киім, аяқ киім – бәрі былғанған. Мектепте мұғалімдер оларды лас аяқ киіммен жүргені үшін ұрсады. Ал олар жүретін таза жол жоқ», – дейді Гүлнұр.


Сондай-ақ, көліктерді жыра мен басқа адамдардың учаскелері арқылы жүргізуге тура келеді. Бірақ балшық болған соң ауыл тұрғындары көліктерін көршілеріне қалдырады. Сондай-ақ, жер телімдерінің иелері өз учаскелерін салып, қоршауға кіріссе, бұл «уақытша жол» да қайнарлықтар үшін жабылады.
«Бір апта бойы осы балшықтан өте алмадық. Көлікті көршіміздің үйіне қалдырып жүрміз. Бір-екі күн бұрын келінім мен жаңа туған немеремді перзентханадан үйге алып келе жатқанда, осы балшықпен жүруге тура келді», – дейді ол.
Ол бірнеше жылдан бері түрлі мекемелерге өтініш жазып келеді. Бірақ әкімдік тек «жол жақын арада салынады» деген жауап қайырады.
«Біз өз қаражатымызға жолдың кішкентай бөлігін асфальттадық, бірақ толық жасауға шамамыз жетпеді», – дейді тұрғындар.
Бұрынғы әкімдер жер сатып алушыларға асфальт жол мен жарықтандырылған көшені уәде еткен. Бірақ іс жүзінде адамдар батпаққа малынып отыр.
Тұрғындардың айтуынша, көшені тас жолмен байланыстыратын негізгі жол осы бос жерден өтуі керек болған. Бірақ, өкінішке қарай, жиырма жылдан бері құры уәде беріліп келеді.
Жаңбырлы күндері көліктер балшыққа батып, көршілер бір-біріне көмектеседі. Бірнеше рет көліктер сырғанап, бір-бірін соғып, зақым келтірген.
Бұл мәселелердің барлығын Гүлнұр бірнеше жылдан бері түрлі мекемелерге жазып келеді. Бірақ жауап сол баяғы – «Жол жақын арада салынады».




Бұрынғы әкімдер жер иелеріне асфальт жол мен жарықтандырылған көшені уәде еткен. Бірақ іс жүзінде адамдар батпақтың ортасында қалып отыр. Тұрғындардың айтуынша, көшені тас жолмен байланыстыратын негізгі жол осы бос жерден өтуі керек болған. Бірақ, өкінішке қарай, мұнда жиырма жылдан бері жол жоқ.
Жаңбырлы күндері көліктер балшыққа батып, көршілер бір-біріне көмектеседі. Бірнеше рет көліктер сырғанап, бір-бірін соғып, сызат түсірген. Жедел жәрдем лайлы жолмен жүре алмайды. Сондықтан ауырғандар немесе жарақат алғандар орталық көшеге дейін өздері жетуге мәжбүр.
Бірақ бәрінен де әйелдер кешкі уақытта екінші ауысымнан қайтатын балаларын уайымдайды.
«Біз жол салып беруді көптен бері сұрап келеміз. Ақыры, ақша жинап, балалар мектепке дейін жаяу жүре алуы үшін жолдың кішкентай бөлігін өзіміз асфальттадық», – деп мойындайды тұрғындар.
Биыл жолға бюджеттен қаржы бөлінеді
Қайнарлықтардың азабы қашан аяқталатынын жергілікті биліктен сұрадық. Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаев жауап берді.

«Алатау көшесіндегі үш үйге жету мәселесін білемін. Ол жерге асфальт жол төсемес бұрын, қар ерігенде су баспау үшін су ағатын құбыр орнату қажет. Жыл сайын осы учаскеге жол салуға сұраныс жібереміз. Биыл бұл мәселе аудан әкімінің қатысуымен өткен жиында көтерілді. Мәслихаттың келесі отырысында жол құрылысының бюджеті қаралып, оны депутаттар бекітеді деп сенемін», – деді әкім.
Сонымен қатар, әкім тұрғындардың жерді жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін емес, жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатында алғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЖТҚ-ға арналған жерлерге әкімдік міндетті түрде коммуникация жүргізеді. Ал ЖҚШ жерлерде тұрғындар мұны өздері жасауы тиіс.
Бірақ әкім ауыл тұрғындарының қиын жағдайда екенін мойындап, «бұл мәселені шешуге тырысамыз» деп сендірді.
Жаңалықтар
- Руслан Берденовке оқ атқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- ҚПО Қазақстанға қоршаған ортаны ластағаны үшін 740 млн төледі
- Теңіз мұнай-газ кен орнындағы қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етті
- Танымал жазушы Әкім Тарази дүнеден өтті
- Руслан Берденовке оқ атқан күдікті жайлы не белгілі болды?
- «Құны 273 млн»: Ақтөбеде бес жыл бойы салынған саябақ әлі қаңырап тұр
- Мамыр айынан бастап жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгереді
- Екі оқ тиіп жараланған Берденов ауруханада есін жиды
- «4 сағат ота жасалды»: Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды
- Руслан Берденов қастандық жасаған ер адамның жұбайына тиіскені рас па?
- Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды
- «Қарамағында жұмыс істеген»: Руслан Берденовке кім оқ атқаны белгілі болды
- Бір емес екі оқ тиген Руслан Берденовке шабуылға дейін қоқан-лоққы көрсеткен
- Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
- БҚО-да екі оқушы ата-анасының көлігін айдап кетіп, апаттан көз жұмды
- Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер өтті
- Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
- Қаңыраған үй үшін 150 млн: Тополевкадағы тастанды коттеджді кім және не үшін сатып алды?
- Қарағанды полиция басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты
- «Шығын — 421 млн теңге»: Ақтөбеде құрылыс компаниясы 75 үлескерді тақырға отырғызды