Жүк көлігі үйге соғылып, жүргізуші кабинада қысылып қалды

cover Фот: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысы аумағында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды. Жол-көлік оқиғасы Қарасай ауданының Қайнар ауылы  маңында болған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қатты соққы салдарынан жүк көлігінің кабинасы жапырылып, жүргізушінің аяғы сынған темір бөлшектер арасында қысылып қалған. Ол көліктен өздігінен шыға алмаған.

 


Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы гидравликалық құрал көмегімен ер адамды абайлап шығарып, қосымша жарақат алмауына күш салды.

1986 жылы туған азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар