Жерлестеріміз 60 миллион теңгенің жол белгілері мен техникасын ұрлаған
Сурет: bk55.ru
2021 жылы Қазақстан аумағындағы ірілі-ұсақты жолдардан 1056 желілік метр қисық темір торлар (қалқалар), 2000 метр торлы қоршаулар, 1270 қар қалқаны, 34 жол белгілері мен көрсеткіштері, 36 жол белгілерінің тірегі ұрланған. Мұның барлығы жалпы алғанда 60 миллион теңгеге жуықтады.
kolesa.kz порталы «Қазақавтодор» ЖШС қызметкерлерінің сөзіне сілтеме жасап, шаруа қожалықтарының асханасынан ұрланған жол белгілерінің бірін тауып алғанын жазды. Оны қазанның қақпағы ретінде пайдаланған.
Жол жұмысшылары ауыл тұрғындары қоршаулардағы шағылдырғыштар мен күн батареяларынан қуат алатын және қауіпті жерлерде орнатылған жаңа шамдарды алып кетуді ұнататынын атап өтті. Сонымен бірге осындай адамдар жиі қызғылт сары жилет киіп, жұмысшылардың атын жамылып, барлығының көзінше жол белгілеріне «қол сұғуды» әдетке айналдырған.
Өкінішіке қарай, азаматтар осы жол белгілерін ұрлап, тұрмыста қолдануды әдетке айналдырған. Жол қалқандарының бөліктерін сатады, жолға арналған торларды фермаларын қоршау үшін пайдаланады, сарайларын жол белгілерімен бекітеді. Тіпті километрлік бағандары бар белгілер кей үйлердің нөмірлерін көрсетіп тұрады.
Зиянкестермен күресу қиын. Әр белгіге күзет қоя алмайсың ғой. Сондықтан да «Қазақавтодор» қызметкерлері бұндай жағдайда шарасыздыққа тап болып жатады. Жолшылардың құзыретінде еш амал жоқ болғандықтан, оларда тек ұрлық фактілері туралы хабарлауға және шақырылған азаматтардың санасына үміт арту ғана қалады.
2022 жылы «Қазақавтодор» ЖШС 473 500 шаршы метр жердегі шұңқырларды жоюды жоспарлап отыр. Екі ай ішінде тас жолдарда 9781 жол белгісі, 397 ақпараттық тақта және 2222 километрлік белгі орнатылып, ауыстырылады. Сондай-ақ, биылғы жазда Қазақстандағы жолдарда 27 064 метр қоршау, 23 118 дана сигналдық бағана, 26 766 рефлектор және 290 буфер пайда болады. Жұмыс аясында 30 426 шақырым жолға 2733 шаршы метр шу жолақтары төселіп, таңбалау жұмыстары жүргізіліп, жаңартылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық