Жер сілкінсе — коронавирус жайына қалады

Сейсмологтар ақысыз демалыста, бірақ жер сілкінісі жағдайы бақылануда! Институтқа әдеттегіден де көп ақша бөлінгені белгілі болды. Қаржыландырудан кейін жұмыс қайта басталады.
— Барлығы бақылауда және жақын арада қатты жер сілкінісі болжанбады. Алаңдауға еш негіз жоқ, - деді сейсмология институтының директоры Досым Сүлеев Orda.kz редакциясына.
Әлеуметтік желілерде ғылыми мекемелердің бірі іс жүзінде жабылғаны туралы ақпарат таралып, халық арасында дүрбелең тудырған болатын. Қызметкерлерді ақысыз демалысқа жіберудің басты себебі — бұл, әрине, қаржыландырудың болмауы. Досым Сүлеев алаңдауға негіз жоқ деп ойлайды, жер сілкінісін бақылау жүйесінің негізгі мамандары қалыпты режимде қызметтерін атқаруда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева да алаңдауға себеп жоқ, себебі «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның 63 станциясы тәулік бойы бақылау жүргізіп, ТЖ сейсмикалық қауіпсіздігінің жай-күйі мен басқа да жағдайларымен хабардар етеді, - деді.

— СТАЭ станцияларында кешенді мониторинг 162 параметр бойынша жүргізіледі, штат саны - 335 адам. Сондықтан елімізде сейсмикалық қауіпсіздік қараусыз қалды деуге негіз жоқ. СТАЭ «Сейсмологиялық ақпарат мониторингі» бюджеттен қаржыландырылады, оған 2021 жылы 461,5 млн. теңге бөлінді.
Сүлеевтің айтуынша, институт стратегиялық міндеттерді шешетінін барлығы түсінетіндіктен, қаржыландыруға арналған жаңа бағдарламада өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп қаражат қарастырылған. Сондықтан 2020-2022 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру рәсімі ұзаққа созылды.
Құрманғалиева өз кезегінде базалық қаржыландыру мемлекеттік ғылыми ұйымдарға ғимараттарды күтіп ұстауға, әкімшілік-басқару және техникалық қызметкерлер жалақысына, ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың еңбекақысына ғана емес, тағы да бірқатар шығындарға бөлінетінін жазды. Оның айтуынша, олар тек гранттық немесе бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында конкурс немесе конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландырылуы мүмкін.
— Біз іргелі зерттеулермен айналысатын институт ғалымдарының базалық қаржыландыру есебінен жалақы алуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Бірақ Ғылым туралы Негізгі Заңды өзгертпегенше (2011 жылғы) бұл мүмкін емес.
Құрманғалиева да, Сүлеев те елімізде сейсмология ғылымына қатысты жағдай оңай емес екенін жасырмайды.
— Кадрлардың жасы егде тартты, жас мамандар аз. Рас, қазір министрлік ҚазҰТЗУ-да сейсмолог мамандарын даярлай бастады, енді жағдай өзгереді деп ойлаймын. Қазақстанның барлық сейсмикалық белсенді және әлсіз сейсмикалық аумағын сейсмологиялық станциялармен толық қамтылмауы елеулі кемшілік екені рас. Іс жүзінде бақылау пункттерінің жеткілікті санымен тек Алматы өңірі жабдықталған. Қазақстанның батыс және Орталық өңірлерінің ықтимал техногендік сейсмикалығы іс жүзінде зерттелмеген.
— Бүгінде Алматының өзінде ғана шағынаудандастырудың сейсмикалық картасы — Құрылыс нормативтерін әзірлеудің негізі бар. Кейбір әкімдер Үкіметке өз аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау үшін қаражат бөлу туралы өтініш білдірді, бірақ бұл ҚР заңдарында көзделмегендіктен, олар бұл мәселеге араласа алмайды.
Жаңа құрылыс нормаларының енгізілуін және әзірленуін бақылау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің міндетіне кіреді, деп түсіндірді Сүлеев.
— Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісін төтенше жағдайлар санатына жатқызбайтын көрінеді. Себебі, олардың тарапынан көмек көрсетілмейді. Негізі, шынын айтсақ, жер сілкінсе — коронавирус жайына қалады.
Бізге осы қалада тұратын мамандардың сөзіне сенбеуге негіз жоқ секілді көрінді. Бірақ табиғатты болжау мүмкін. Бюрократиялық процедуралар немесе заңдағы кемшіліктер салдарынан қиын сәтте адамдар қауіпті дер кезінде байқамауы мүмкін. Егер жер сілкінсе, ешқандай себеп, тіпті объективті себептің өзі маңызын жоғалтады.
Қазақстанда сейсмикалық қауіпсіздікке екі басты мекеме — Сейсмология институты және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауап береді. Институт қызметкерлері сейсмикалық режимді зерделейді, елдегі сейсмикалық қауіпсіздікті бағалайды және аумақты микросейсмикалық аудандастыруды жүзеге асырады. Ал СТАЭ сейсмикалық қауіпсіздік мониторингімен және сейсмикалық қауіпті аймақтардағы зерттеулермен айналысады. СТАЭ деректері негізінде Сейсмология институты ғылыми зерттеулер жүргізеді және жер сілкіністеріне болжам жасайды.
Мақала авторы: Анна Даниловская
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды