«Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді

cover Фото: gov.kz

Акцияға ел бойынша жүздеген нысан — бизнес орталықтардан бастап маңызды ғимараттарға дейін қатысады, деп хабарлайды Orda.kz.

28 наурыз күні Қазақстан халықаралық «Жер сағаты» акциясына тағы да қосылады. Жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін елдің барлық қалаларында үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық, сондай-ақ ғимараттардың сәндік жарықтандыруы өшіріледі.

Экология министрлігінің мәліметінше, биылғы шара экотуризмді дамытуға арналған. Жалпы ел бойынша бір сағатқа 500-ден астам нысан — әкімшілік ғимараттардан, сауда орталықтарынан бастап өнеркәсіп орындары мен әлеуметтік мекемелерге дейін бір сағатқа жарықты сөндіреді.

Астанада дәстүрлі түрде «Бәйтерек», «Астана Опера», Әзірет Сұлтан мешіті, Тәуелсіздік сарайы және «Астана Арена» сияқты маңызды нысандардың жарығы сөндіріледі. Алматыда акцияға сауда орталықтары мен коммерциялық нысандар қосылса, Шымкентте әкімдіктер мен қалалық басқармалар қатысады.

Сонымен қатар көше жарығы мен бағдаршамдар өшірілмейді. «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.

«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады.  Сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштерге жары беретін құрылғылар да сөнеді.

Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы планетадағы ең жаппай қолданылатын экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде нысандардағы жарықтандыруды өшіреді.

Науқанды қолдау өте қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз. Акцияға қосылу оңай — бір сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндірсеңіз жеткілікті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар